А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетімен ынтымақтастық және серіктестік қатынастар туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті мен А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің арасындағы ынтымақтастық және серіктестік қатынастар туралы меморандумға бүгін, 20 сәуір күні қол қойылды.
Меморандум аясында тараптар жастар ортасында, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу, оқу орнының білім алушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын тәрбиелеу, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлық мәдениетінің негіздері» модельдік пәнін оқыту, сонымен қатар, жастар арасында мемлекеттік қызмет институтының имиджін арттыру және дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту бойынша ынтымақтастық мәселелері бойынша ынтымақтастық қарым-қатынаста болады.
Қол қою рәсіміне профессор-оқытушы құрамның өкілдері мен студенттер қатысты. Қатысушылар жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлде төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған түсіндірмелік және тәрбиелік жұмысқа баса назар аудару керек екенді туралы пікірлерін білдірді.
Іс-шараға 85 адам қатысты.
