«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз»
А.ж. 20 сәуірде Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Көкшетау қ. №8 орта мектебінің «Адал Ұрпақ» клубының мүшелерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз» тақырыбындағы дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар сыбайлас жемқорлықтың не екені, пара беруді сыбайлас жемқорлық элементі ретінде санау жөніндегі өздерінің пікірлерімен бөлісті, пара берушілер мен пара алушыларға қандай жауапкершілік шаралары қолданылатыны, парақорлықтың ел экономикасына келтіретін залалы туралы сұрақтарын қойды.
Кездесу барысында тиісті тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шараға 20 адам қатысты.

