Станционныйдағы кездесу
А.ж. 20 сәуір күні Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы М. Ахметқалиев Станционный ауылының № 7 орта мектебінде «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесу өткізді.
М. Ахметқалиев кездесуге қатысушыларды мемлекеттік органдармен қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданатын шаралары жөнінде айтып, сәйкес бейне роликтермен таныстырды.
Кездесу барысында оқушылар отансүйгіштік түсінігі, сыбайлас жемқорлықтың әсері және оны жою жолдары туралы өз ойларымен бөлісті.
«Адал ұрпақ» клубының мүшелері сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеу қажеттігін атап, мемлекеттің осы бағыттағы қолданған шараларына оң көзқарасын білдірді.
Кездесу соңында қатысушылар әрбір азамат өз ісін адал да тиянақты орындау арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосуы қажеттігіне тоқталды.

