«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы жөнінде брифинг
2017 жылдың 20 сәуірде Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО бойынша филиалының алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақовтың төрағалығымен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте«100 нақты қадам» Ұлт жоспары және 15-ші қадамға сәйкес ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілерге аттестациялау өткізу мен 2017 жылдың І тоқсанында Департаментпен атқарылған жұмыстары жөнінде мәселелер талқыланды. Өзінің алғашқы сөзінде Б.Исақов бірінші институционалды реформаның шеңберінде біздің елімізде меритократия, мансаптылық және құзіретті тәсілге негізделген мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі енгізілгендігін атап…
