Мобильдік топтың кезекті кездесуі
А.ж. 20 сәуірде мобильдік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру көріністеріне мақсатында Алматы ауданының ішкі істер басқармасы ұжымымен және Политехникалық колледж студенттерімен кездесулер өткізді.
Іс-шарада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Төлегенұлы Қаскин, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры - Дәулеткерей Рахметтолаұлы Рахметуллин, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы – Сәрсенбай Бердаліұлы Мыңбаев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің офицері – Ару Болатқызы Мұхамеджанова қатысты.
Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында Агенттік өткізіп отырған аталмыш жұмысты өз кезегінде ұжым өкілдері қолдап, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

