Мазмұнға өту

Жаңа

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері облыстық жастар шығармашылығы орталығының ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

0
0
272

Жоғарғы Сот 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларын шығарды

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген кеңесін өткізді. Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия Рақышева, Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, сондай-ақ Департамент пен оның аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Судьялардың осы жолғы форумының ең басты ерекшелігі – кеңес жұмысының Интернетте он-лайн режимде көрсетілуі. Кеңес жұмысын аша келе, Қ.Мәми заң үстемдігін қамтамасыз ету жұмысының негізгі қорытындыларын мәлімдеді. Атап айтқанда, ол Ұлт Жоспары шеңберінде жүргізілген реформалардың сот төрелігін жүзе…

0
0
660

«Ертіс сүмбе» (Эрчисын сумэ) – Семейдің ерте ортағасырлық атауы

Бастауын Өр Алтайдың қарлы шыңдарынан алып Солтүстік мұзды мұхитқа құятын Ертіс дариясының өн бойы тарихи ескерткіштер мен тарихи атауларға толы. Ертіс бойы Орталық Азия тарихының қоймасы деп айта аламыз. Солардың бірі қазіргі Семей қаласының байырғы атауы «Ертіс сүмбе». Қазақ халқы Ресей им­периясының құрамында отаршылдықтың езгісінен еңсесін көтере алмай жүргенде, оның жанашыры, жоқшысы болған азаматтың бірі Г.Н.Потанин болғаны белгілі. Ертіс бойында туған, ұлы дарияны жағалап бірталай тарихи-этнографиялық зерттеу экспедицияларын жүргізген ұлы ғалым «бұл жер, біздің өмір сүріп жатқан жеріміз, адамзаттың нағыз алғашқы отаны. Бұл жерде алғаш рет сенім (Күнге) пайда болды. Бұл жақтағы өзендер алғашқы адамдарға ана құшағы болса, тау шыңдарын олар әкеге балады. Мен қазір Адам ата мен Хауа ан…

3
1
1619

«Бар! Ал! Оқы!»

20 шілде күні қала орталығы мен демалыс паркінде Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ға жаңа оқырмандарды тарту үшін «Бар. Ал. Оқы» атты библио-десант ұйымдастырылды. Бұл акцияда «Қыздар әлемі» атты әдеби отырыс волонтерлерінің үлкен белсенділік танытқандарын айта кеткен жөн: олар кітапхана және оның көрсететін қызметтері туралы нақты және сауатты ақпарат бере білді. Барлығы 56 визитка үлестірді. Көпшілігі қызығушылық танытып, көрсетілетін қызметтердің әртүрлілігіне (ойын бөлмесі, библио-ұзартылым, «Ашық кітапхана» үйірмесі, аптасына екі рет тегін интернет) және әрине, әдебиеттің сан алуан көптігіне таңғалды: «қорқынышты» кітаптар, детективтер, қыздар мен ұлдарға арналған кітаптар, энциклопедиялар, ата-аналарға көмекке келетін балғындарға арналған кітаптар. Кітапхананың қала орталығында орналасқа…

0
0
459

Қызылордада бөтен біреудің автокөлігін айдап кеткендер қолға түсті

2017 жылғы маусымда Қызылорда қаласының тұрғыны үй алдында тұрған «KIA Cerato» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткендігін көрсетіп ішкі істер органдарына шағымданады. Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 24 жастағы және 20 жастағы 2 азамат ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

0
0
363

ЭКСПО-ға жол тартқан тұңғыш қазақ

Қазіргі таңда Елордада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтіп жатқаны белгілі. Осы орайда атақты әнші Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесіне Қазақстан тарихында бірінші болып қатысты. Бұл туралы Астана қаласында ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Лаура Үсенбек мәлім етті. Оның айтуынша, КСРО делегациясы сол жылы ЭКСПО көрмесіне алғаш рет барған. Соған байланысты күллі одақ бойынша талантты өнер иелері Мәскеуге арнайы шақыртылып, шұғыл түрде әзірлік жұмыстары жүргізілген. 1925 жылы Семей қаласының халыққа білім беру бөліміне КСРО халық ағарту комиссары Луначарскийдің атынан: «Қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың Парижде өтетін Дүниежүзілік көрменің этнографиялық концертінде өнер көрсету туралы келісімін күтемін. Жол шығыны төленеді. Өтетін уақыты – маусым, шілде айлары», деп жа…

2
0
3627

Ақмола облысында Еңбекмині күндері өтіп, өңірде қолға алынған жұмыстарға оң баға берілді

Ақмола облысында 17-21 шілде аралығы министр Тамара Дүйсенованың бастамасымен алғаш рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтті. Тамара Дүйсенова халықпен, еңбек ұжымдарымен, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерімен кездесу барысында жергілікті атқарушы билік тарапымен бірлесе отырып іске асырылуы тиіс басты мақсат-міндеттер туралы әңгімеледі. «Негізгі көзделген меже, ол – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Үшінші жаңғыру – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының маңызды тұстарын түсіндіріп, әлеуметтік-еңбек саласында қолға алынған шаралар жайына тоқталу. Төрт күн бойы Министрлік мамандары Ақмола облысы әкімдігіндегі құрылымдық бөлімшелер өкілдерімен тізе қосқан райда атаулы әлеуметтік көмек алатын, нәт…

0
0
357

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы СҚО Әділет департаментінде

А.ж. 19 шілде күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді тобы СҚО Әділет департаментінің ұжымымен кездесті.

Шара барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінен барынша жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ұжымдар мүшелерін  аталмыш мәселеде белсенді азаматтық көзқарас танытуларына шақырды.

Қызметкерлер болса, жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, олардың әрқайсысына тиісті түсіндірмелер алды.

Кездесулер соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерінің әшкереленуі туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

0
0
449

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы «ASTANA Ютария ltd» ӨИК» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді

А.ж. 20 шілдеде «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы шеңберінде мобильдік топ "ASTANA Ютария ltd" ӨИК" ЖШС
ұжымымен кездесу өткізді.

Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева, Астана қ. Кәсіподақ орталығының төрағасы  Сарсенбай Мыңбаев, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының партиялық бақылау инспекторы Серік Күлбаев қатысты.

Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларды белсенді азаматтық ұстанымға және кез келген сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.

0
0
447

Ауылдарда «Туған жер» бағдарламасы аясында «инфрақұрылымдық революция» бастау ұсынылуда

Ауылдарда «Туған жер» бағдарламасы аясында «инфрақұрылымдық революция» бастауды политолог Талғат Қалиев ұсынды. Бұл идея «Туған жер» бағдарламасы аясында «мақсаттар мен міндеттерді» анықтауға бағытталған сараптамалық кездесу барысында талқыланды. Кездесу Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтында өтті. «Инфрақұрылымдық революция» қандай түрде өтетінін политолог талғат Қалиев айтып өтті. Бұл бастама аясында, ауыл көшелерін жөндеу, ауылға жаңа көшелер салу, әр түрлі бағытта үйірмелер ашу, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын жақсарту, кент ішіндегі жолдарды салу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар ауылда өмір сүру деңгейін жақсартуға ат салысуы тиіс. «Отанды жақсы көру керек. Отаныңды жақсы көрсең сен Отаныңа инвестиция саласың, оның дамуына, көрк…

0
0
1736