Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы «ASTANA Ютария ltd» ӨИК» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді
А.ж. 20 шілдеде «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы шеңберінде мобильдік топ "ASTANA Ютария ltd" ӨИК" ЖШС
ұжымымен кездесу өткізді.
Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева, Астана қ. Кәсіподақ орталығының төрағасы Сарсенбай Мыңбаев, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының партиялық бақылау инспекторы Серік Күлбаев қатысты.
Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларды белсенді азаматтық ұстанымға және кез келген сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.
