Қызылордада бөтен біреудің автокөлігін айдап кеткендер қолға түсті
2017 жылғы маусымда Қызылорда қаласының тұрғыны үй алдында тұрған «KIA Cerato» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткендігін көрсетіп ішкі істер органдарына шағымданады. Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 24 жастағы және 20 жастағы 2 азамат ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
