Ауылдарда «Туған жер» бағдарламасы аясында «инфрақұрылымдық революция» бастау ұсынылуда

Ауылдарда «Туған жер» бағдарламасы аясында «инфрақұрылымдық революция» бастауды политолог Талғат Қалиев ұсынды. Бұл идея «Туған жер» бағдарламасы аясында «мақсаттар мен міндеттерді» анықтауға бағытталған сараптамалық кездесу барысында талқыланды. Кездесу Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтында өтті.
«Инфрақұрылымдық революция» қандай түрде өтетінін политолог талғат Қалиев айтып өтті. Бұл бастама аясында, ауыл көшелерін жөндеу, ауылға жаңа көшелер салу, әр түрлі бағытта үйірмелер ашу, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын жақсарту, кент ішіндегі жолдарды салу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар ауылда өмір сүру деңгейін жақсартуға ат салысуы тиіс. «Отанды жақсы көру керек. Отаныңды жақсы көрсең сен Отаныңа инвестиция саласың, оның дамуына, көркеюіне өз үлесіңді қосасың. Мен өзім ауылданмын. Ауылға жиі барамын, қолымнан келгенше материалдық көмек көрсетемін. Ол жерде жолдар өте ескі, инфраструктура жоқ, демалыс орындары қарастырылмаған. «Туған жер» бағдарламасында қосымша жол салу, объекттер, клубтар салу сияқты жобалары болғанда жақсы болар еді. Ауыл тұрғындары оны өз қолдарымен істей алар еді. Бір жағынан халыққа жұмыс істеуге мүмкіндік болса, екінші жағынан елді мекендердің жағдайы жақсарар еді. Менің ойымша, бұл Отанды сүюге бастайтын жол және тағы бір үлкен артықшылығы ауылдарда қандай да бір «инфраструктуралық революция» пайда болар еді. Біздің ауылдық өңірлер кемінде шығыс Европа деңгейінде өмір сүрер еді, сондай-ақ, оларда өмір сүру деңгейі көтеріліп, ыңғайлылық пайда болар еді» - деді политолог Талғат Қалиев
Ол сондай-ақ Қазақстанның барлық аймақтарында аймақтық-зерттеу экспедицияларын іске қосу қажеттігін атап өтті. Ол шара аясында жастар гаджеттер мен әлеуметтік желілерден бір уақыт бас көтеріп «Туған жер» бағдарламалық шараларын жүзеге асыруға көмектеседі. Олар туризмді дамытуға да ат салысады.
«Біз әлі күнге дейін өз тарихымызды жете білмейміз. Жастар жағы да, үлкен қауым да. Барлығының ойынша, біз «көшпенді» халық ретінде, таңнан кешке дейін көшіп жүрдік, олардың ойынша бізде не қалалар болған жоқ, не мәдениет болған жоқ. Шын мәнінде, бізде қалалар болды, көшпенді болу ол үлкен қаражатты талап етеді, яғни көшпелі халықта көптеген ірі қара болу керек болды, болды да. Басқа адамдар қалаларда өмір сүрді, олардыың өз мәдениеттері болды. Өкінішке орай, бұның бәрі жеткілікті деңгейде әлі зерттелген жоқ. Менің ойымша, бұл жергілікті тарихын, оларға қатысты археологиялық экспедициялар, әкімдіктердің қолдауымен студенттерді іске болуы мүмкін деп ойлаймын. Бұл іс жастар арасында қызығушылық табады, жастарды тартуға болады, оларға жаңа леп керек, романтика керек. Жаз кезеңі, табиғатқа шығу керек. Жастарды бізде кезінде болған романтикаға уйрету керек. Әрине шет елдерде тамаша, қызық дмалыстар бар, алайда басқа да керемет демалыс өз еліңде жасауға болады» - деді Т. Қалиев мырза.
Сараптамалық кездесу ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ қоғам қайраткерлері өкілдері қатысты. Қазақстан Президенті жанындағы ҚСЗИ кеңесшісі қызметін атқаратын Берік Әбдіғалиұлы мырза «Туған жер» бағдарламасы бойынша институт жобасы ұсыныстар мен идеялар қарастырып, дамытудамыз дамытудамыз деді.
Ұсыныстар Президент Әкімшілігі мен ҚР Үкіметінің қарауына болады. «Туған жер» бағдарламасы ауыл мен қаланы жақындастыруы керек. Ауылға біз әрдайым қайта оралып отырамыз. Ол біздің тарихымыз, ол біздің өткеніміз. Жаһандану заманында тек әлемдік трендке еріп, басқа әлемнен ғана мәдениет алмай, өзіміздің жер қойнауындағы құндылықтарды да алу керек. Ел басымыз аймақтардың тарихын зерттеуді тапсырған болатын, әне ол зерттеу-үйрету жұмыстары 2017 жыл бойы жүргізілуі керек.
Ауылдық жерде инфраструктураны жандандыру масатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға Ащыбұлақ ауылында жүргізіліп жатқан шаралар тамаша мысал болады. Алматы облысы Ащыбұлақ ауылында «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымды қалпына келтірілуде.
Бағдарлама аясында іске асып жатқан әр іс ауыл үшын, ауыл тұрғындары, олардың тұрмыс деңгейінің жақсаруы үшін. Елбасымыз «Туған жер» бағдарламасын жариялағаннан кейін Алматы қаласының көптеген кәсіпкерлері осы бағдарламаны қолдауға ниет білдірген, осы жоба аясында саябақтарды жөндеу, парктер салу, жаңа оқу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын салу сияқты тамаша бастамалар қолға алынған еді. Солардың бірі «Амал-био» компаниясы Алматы облысындағы Ащыбұлақ ауылы тұрғындарымен кездесіп, өз ниеттерін білдірді. Ащыбұлақ ауылы іргесіндегі алаңқайға балаларға арнап аттракциондар салынатын болады, жасөспірімдерге арнап футбол алаңы салынады. Балалар мен жасөспірімдер ғана емес, жас аналар мен ана атануға дайындық үстіндегі жас келіншектер де назардан тыс қалған жоқ, қарағайлар көлеңкесіне жас аналар мен, жүкті келіншектерге арнайы бұрыш жасалады. «Амал-био» компаниясының директоры Динара Уристенованың айтуынша, саябақ қаладағы саябақтардан еш кем болмайды. Сонымен қатар, компания директорының айтуынша, қазір саябақ жұмыстарын атқарып жатқан барлық адам ауыл тұрғындары. Яғни бұл бастама ауыл тұрғындарына жұмыс болып, тағы ір пайдасын тигізуде. Біз өз ақшамызды ауылдың көркеюіне, дамуына салуға ниет еттік.Компания ауылға саябақ, футбол алаңы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен ғана шектелмек емес, сонымен қатар, компания жоспарында ауылда спорт алаңы мен оқу оталығын ашу бар. Ауыл оқушылары ағылшын тілін меңгеріп, компьютерлік сауат ала алады. Алматы облысы әкімінің орынбасары, Жақсылық Омардың айтуынша, «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мемлекет президентінің мақаласының бір тармағы «Туған жер» юағдарламасы. Осы бағдарлама шыққаннан кейін біз шын мәнінде оны жүзеге асыру жолында еңбек етудеміз. Біздің өңірде кәсіпкерлер өте көп. Ащыбұлақ ауылында үш мыңнан аса адам өмір сүреді. Олардың көбі жастар мен балалар. Бүгін олар Отанға деген сүйіспеншіліктің тамаша үлгісіне куә болды.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласындағы айтылған тың бастамаларды өмірге тезірек енгізудің тетіктерін бекіту үшін Ұлттық комиссия құрылған болатын. Негізгі бағыттар бойынша сарапшылық топтар қыруар қызмет атқаруда, олар Елбасы айтқан ойларды қоғамымызда мәңгі тұрақтайтын өміршең дәстүрге айналдырудың жолдарын қарастыруда. Яғни, барша қазақстандықтың күтіп отырған «рухани бағдаршамы» қандай болмақ деген сауал осы ұлттық комиссияның әрбір мүшесін, әлбетте, толғандырады. Жалпы, бұл мақаладағы барлық сөйлемдердің үштен біріне жуығы тікелей өскелең ұрпаққа қатысты: жастардың дүниетанымына, тәрбиесіне, біліміне, бәсекеге қабілеттілігіне. Елбасы былай дейді: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы».
