Саяси бақылаушы: латын әліпбиіне көшу қазақстандық егемендікті нығайтады
Қазақстан президентінің алфавитті кириллицадан латын қәрпіне ауыстыру туралы шешімі, ең алдымен, Қазақстанның жас буынының өркениетті таңдауы деп саналады. Бұл туралы «Жаңадәуір» (Әзірбайжан) ресурсының саяси шолушысы Ниджат Гаджизаде мәлімдеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру туралы айтқан еді. Атап айтқанда, мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу орыс тілінен, кириллица алфавитінен бас тарту дегенді білдірмейді деп хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, латындық алфавит негізінен қазақ тіліне қатысты болады. Орыс тілінде басылып шығатын барлық басылымдар кириллицада шығарылуын жалғастырады. Н.Гаджизаде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында 2006 жылы латын әліпбиіне…