Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

100.6 FM» радиосында тікелей байланыс

2017 жылдың 24 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Мұратов Ж.М. қалалық «Талап» радиосының «Актуалды сұхбат» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарлама шығарылымы мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері мен Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы мәселелеріне арналды.

Мұратов Ж.М. өз сұхбатында Әдеп Кодексі мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерінің орындалуының тиімділігін арттыруға бағытталғандығын, яғни әр қызметшінің өз қызметін кәсіби әрі адал орындауын талап ететіндігін атап өтті.

Сондай-ақ, ол Кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастағы жоғарғы мәдениетті қалыптастыру мен мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге бағытталған.

Бағдарлама барысында радиотыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, бағдарлама қонағы нақты жауаптар берді.

 
0
0
355

Осы тақырып бойынша

100.6 FM» радиосында тікелей байланыс - Yvision.kz