Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да мемлекеттік қызметке қатысты сұрақтар талқыланды

2017 жылдың 24 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарға облыстық мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдар мен мәслихаттардыңекеттік мекемелердің персоналды басқару қызметтерінің қызметкерлері қатысты.

Семинар жұмысында алғашқы болып Департамент басшысының орынбасары М.С.Нұртазин сөз сөйлеп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Департаментпен мемлекеттік қызметтің кадр саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын атап өтті.

Семинарда Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.Н.Масимова баяндама жасап, өз сөзінде мемлекеттік органдарда өткізілген конкурстар жөнінде, мемлекеттік қызметшіге арналған тағылымдама мен тәлімгерлік, сондай-ақ, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін аттестациялаудың корытындыларына тоқталды.

Сондай-ақ, Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин баяндамасында Департаменттің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша жұмысы жөнінде сөз қозғады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық мониторингі мәселелері де баяндалды.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.Мұратов өз сөзінде облыстағы мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссия қызметін талдау қорытындысы жөнінде атап өтті.

Семинар өткізу барысында қатысушылар тарапынан қозғалған тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, Департамент өкілдерімен нақты жауаптар берілді.

 
0
0
401

Осы тақырып бойынша

БҚО-да мемлекеттік қызметке қатысты сұрақтар талқыланды - Yvision.kz