Солтүстік Қазақстан облысында «Жастар ауылы — 2017» халықаралық жастар лагері өтті
Ағымдағы жылдың 25-27 тамызы аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен бірлесіп Айыртау ауданының «Олимпиец» сауықтыру лагерінде «Жастар ауылы - 2017» халықаралық жастар лагерін өткізді. Үшкүндік шараға мемлекеттік органдар, облыстық және аудандық жастар орталықтарының өкілдері, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы жастардың ҮЕҰ, этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен белсенділері, жас кәсіпкерлер мен мұғалімдер, сондай-ақ Ресей Федерациясы Омбы аймағының өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – көрші облыстардан жиналған жастардың өздерінің мәдени құндылықтарын насихатта…