Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Теректі аудандық ХҚКО қызметкерлеріне мемлекеттік қызметке түсушілерді тіркеу жөнінде түсіндірілді

2017 жылдың 22 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Теректі ауданы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» АҚ БҚО бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлеріне арналған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және құқық қорғау органдарына алғаш орналасушы үміткерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына өтініш білдіруі бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Кездесу барысында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ильясов Н. мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқық қорғау қызметіне іріктеу тәртібі бойынша түсіндірді.

Сондай-ақ, мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың және құқық қорғау органдарына алғаш түсушілерді іріктеудің  кейбір  мәселелері туралы қойған сұрақтарына түсіндірме берілді.

   
0
0
255

Осы тақырып бойынша

Теректі аудандық ХҚКО қызметкерлеріне мемлекеттік қызметке түсушілерді тіркеу жөнінде түсіндірілді - Yvision.kz