БҚО Қоғамдық кеңестің отырысы
2017 жылдың 25 тамызда облыстық маслихаттың ғимаратында Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңестің кезекті кеңейтілген отырысы өткізілді.
Қоғамдық кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Жұбаныш облысымыздағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылау жұмысы туралы баяндама оқыды.
А.Жұбаныш өзінің баяндамасында облыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының жағдайына тоқталып, кейбір проблемалық мәселелерді атап өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ – дың өкілдері мемлекеттік қызметтердің көрсету бизнес-процесстерін оңтайландыру және «жасырын сатып алушы» тәсілмен өткізілетін қоғамдық бақылау жобасының іске асырылуына аса қызығушылық танытты.
Оған қоса, Қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы атқарылған жұмысы туралы және алдағы уақытта қойылған мақсаттар бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Бассаров М.В. сөз сөйледі.
Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.
