Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 17 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2017 жылдың 21 қыркүйегіндегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1194 кәсіпорнында 20 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 2,65 млрд теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1051 ұйғарым беріліп, 145,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 17 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 2,28 млрд теңге төленді.

Бүгінгі таңда еңбекақыны төлеу бойынша заңбұзушылық деректерін анықтау жұмыстары жалғасуда.

0
0
388

EXPO-2017 көрмесінің арнайы кітабы шықты

EXPO-2017 көрмесінің мәртебелі меймандарына арналған кітапқа 130-дан аса қолтаңба қалдырылыпты. Оған барлығы үш ай ішінде көрмеге келген 28 мемлекеттің басшысы мен 70-тен аса министр және 20-ға жуық үкімет басшысы, халықаралық ұйым өкілдері көрмеге қатысты ой-пікірін білдірсе, енді біреулері тілектерін жазыпты. Ұйымдастырушылар «қолтаңба» кітабын көпшілік назарына ұсыну үшін оның электронды нұсқасын жариялауды жоспарлауда. Ал түпнұсқасы «Нұр Әлем» кешенінде сақталмақ. «Астана EXPO-2017» ҰК АҚ Департамент директоры Илья Уразаковтың айтуынша, аталмыш кітап «Нұр Әлем» кешенінде қалдырылуы мүмкін. Кітаптың ерекшелігі онда қол қойған тұлғалардың ерекше құттықтаулары мен тілектерінде. Әсіресе, Джибути президенті мен Фиджи, Кариб аралы, Тынық мұхиты елдерінің үкімет басшылары қолтаңбасы қалған к…

1
0
262

Өсербаев көшесі бойында орналасқан үйлердегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін аталған аумақта күшейтілген жүйеде жұмыс жүргізілуде

Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен Өсербаев көшесінің бойында орналасқан пәтер тұрғындарымен кездесу жиыны өткізілді. Жиын барысында Қалалық ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Ермек Құдайбергенов осы мәселеге қатысты тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдап, өткен жиыннан бері, яғни 10 күндікте атқарылған жұмыстар жайын сөз етті. Қазіргі таңда аталған аумақта, яғни Өсербаев көшесінде күндізгі уақытта 2 учаскелік полиция инспекторы, түнде 5 учаскелік полиция инспекторы күшейтілген жүйеде қызмет атқаруда. Учаскелік полиция инспекторларымен және құзырлы органдармен бірлескен түрде тексеру жұмыстары жүргізіліп, есепті мерзімде заңсыз жалға берілетін 21 пәтер анықталып, олар бойынша Қызылорда қалалық кірістер басқармасына ұсыныстар жолданды. Соныме…

0
0
774

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері

Қазіргі таңда жаппай бұқара санасында жемқорлық түйіткіл мәселелерді шешудің оңтайлы жолы деп қабылданады. Мұндай жемқорлық халық арасында жемқорлық сананың қалыптасуына, мемлекеттік билік аппаратының, соның ішінде жас мамандардың ыдырауына алып келеді. Осылайша, жемқорлықпен күресте біріктіруші күш жастар мен үкіметтік емес ұйымдар болды. Осыған орай, 2017 жылғы 21 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы департаментінің Кешенді жоспарын орындау аясында «Жасыл болашақ» ҚҚ бірлесіп «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Аталған дөңгелек үстелдің…

0
0
593

Алматыда ЖЭО-2 жұмысы көгілдір отынға алмастырылады

Алматының екінші жылу электр орталығын газға алмастыру қаладағы басты проблема экологиялық мәселені шешуге сеп болады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің өкілдері мәлім етті. Зияш Қияқбаевтың айтуынша, өткен жылы ауаға 285 мың тонна лас зат шығарылған. Соның шамамен 32 мың тоннаға жуығы немесе 11 пайызы аталған орталыққа тиесілі. Ал жылу орталығын газға алмастырған жағдайда ауаға тарайтын улы заттар көлемі 30 пайызға дейін азаяды. Мамандар Алматыдағы жылу электр орталығының жұмысын көгілдір отынға алмастыру қиындық тудырмайтынын да тілге тиек етті. Зияш Қияқбаев, ҚР Энергетика министрлігі департамент директоры: – Алматы жылу электр орталығының жұмысын табиғи отынға ауыстыруға бар жағдай жасалып отыр. Менің ойымша, жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы кезде қажетт…

0
0
396

Қ.Мәми Қытайда Судан, Тәжікстан, Ресей, Түркия және Египет жоғарғы соттарының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Қытайдағы жұмыс сапары шеңберінде бірқатар елдердің жоғары сот органдарының басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді. Олардың қатарында, Судан және Тәжікстан жоғарғы соттарының төрағалары – Хайдер Ахмед Дафалла пен Шермұхаммад Шохиён, Египет пен Түркияның кассациялық соттары төрағаларының орынбасарлары Фати Эльараби мен Абдулхалик Йылдыз, сондай-ақ Ресей Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары Петр Серков бар. Жиырма шақты ел соттарының бірінші басшылары мен өкілдері Жібек жолындағы сот ынтымақтастығы бойынша халықаралық форум жұмысына қатысу үшін Қытайдың Дуньхуан қаласына (Ганьсу провинциясы) жиналды. Кездесу барысында Қ.Мәми шетелдік әріптестеріне Ұлт Жоспары шеңберінде республиканың сот жүйесінде жүргізілген соңғы реформалар туралы айтты. Үш…

0
0
545

Көмірдің бағасы неге қымбат

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігінің электрэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директоры орынбасары Талғат Әбілғазының айтуынша, разрездің өз басында көмірдің бағасы 8 мың теңге тұрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазіргі кезде республика бойынша 400-ге жуық көмір өндіру кені бар. Аталған разрездердің бәрі бағаны өздері белгілейді. Себебі Қазақстанда көмірдің бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Заңда қандай да бір шектеу шаралары қарастырылмаған. «Бүгінде көмірді өндіру құны 3-5 мың теңгені (бір тоннасы - авт.) құрайды. Ал разрездің өзінде 8 мыңға дейін барады. Одан кейін осы көмірді тұтынушыға жекізу тағы бар. Сосын алыпсатарлар болады. Бұның барлығы - нарықтық жағдай. Бағаны да нарық анықтайды, көмірдің құны сұранысқа қарай өзгереді», - деді Әбілғазы. О…

0
0
477

Қазақстанға атом электрстанциясы керек пе

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі қуат көздерін тұтыну көлемінің артуына байланысты осы мәселені жан-жақты зерделеп шықты. Алдағы уақытта атом электрстанциясына үлкен қажеттілік болмайды. Дегенмен, экологиялық қауіпсіз энергетиканы құру жағынан аталған жобаны іске асырған жөн, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Электрэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Әбілғазының айтуынша, бүгінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі энергияны тұтыну көлемі есептелді. Онда ел экономикасының барлық салаларының дамуы, яғни жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы аясында қуат көздерін өндіру мөлшеріне болжам жасалды. "Осы болжамға сәйкес, қазіргі электр стансаларының қуаты толығымен жетеді. Жаңа нысандарды салудың қажеті жоқ. Сондықтан энергияны тұтыну жағынан атом…

0
0
426

Елімізде көмір жеткілікті

ҚР Энергетика министрлігінің Электроэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Әбілғазы «Қазақстанда жыл сайын неліктен көмір бағасы қымбаттайды?» деген журналист сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Бүгінде көмір өнеркәсібі бәсекеге қабілетті. Елімізде 400 кен орны бар. Көмір разрездерінің бәрі бағаны өздері қояды. Яғни, нарықтың өзі реттейді. Қазір көмірдің разрездегі өзіндік құны 3-5 мың теңгеден басталып, 8 мыңға дейін барады. Соңғы тұтынушының қолына жетем дегенше көмірдің бағасы өсе береді. Бағаны ешкім белгілемей, сұраныс пен ұсынысқа қарай нарық өзі қойып отыр. Сұраныс үлкен деген сөз», - деп жауап берді Талғат Әбілғазы. Электроэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Әбілғазының айтуынша көмірд…

0
0
484

Форум в рамках «Туған жер» соберет актюбинцев на малой родине

В рамках проекта «Туған жер» в Актюбинской области состоится большой форум, который соберет выходцев области со всего Казахстана, об этом стало известно в ходе третьего регионального круглого стола по обсуждению программы «Рухани жаңғыру». О ходе реализации программы в Актюбинской области рассказал заместитель руководителя управления внутренней политики акимата, руководитель проектного офиса «Рухани жаңғыру» Ермек Тауанов. «В частности, в области реализуются различные специальные проекты. В рамках проекта «Туған жер» в области на днях состоится большой форум, на который съедутся выходцы Актюбинской области со всего Казахстана, в том числе из стран ближнего и дальнего зарубежья. Создан сайт www.zherlesster.akt.kz для продвижения проекта «Туған жер», - рассказал он. В рамках форума откроетс…

0
0
560