Елімізде көмір жеткілікті
ҚР Энергетика министрлігінің Электроэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Әбілғазы «Қазақстанда жыл сайын неліктен көмір бағасы қымбаттайды?» деген журналист сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Бүгінде көмір өнеркәсібі бәсекеге қабілетті. Елімізде 400 кен орны бар. Көмір разрездерінің бәрі бағаны өздері қояды. Яғни, нарықтың өзі реттейді. Қазір көмірдің разрездегі өзіндік құны 3-5 мың теңгеден басталып, 8 мыңға дейін барады. Соңғы тұтынушының қолына жетем дегенше көмірдің бағасы өсе береді. Бағаны ешкім белгілемей, сұраныс пен ұсынысқа қарай нарық өзі қойып отыр. Сұраныс үлкен деген сөз», - деп жауап берді Талғат Әбілғазы.
Электроэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Әбілғазының айтуынша көмірдің нарықтағы бағасын антимонополия коммитеті реттейді.
«Бағаларды біз реттемейміз, антимонополия коммитеті заң бойынша бағаны көтергендерді бақылап отырады. Тапшылық жоқ. Көмір жетікілікті. Мұндай ақпаратты қайдан алғаныңызды білмеймін, тапшылық жоқ. Көмір өнеркәсібі әлі де негізгі энергия көзі болып қала береді», - деді ол.
https://baq.kz/kk/news/kogam/elimizde_komir_zhetkilikti__talgat_abilgazi20170925_131900
