Алматыда ЖЭО-2 жұмысы көгілдір отынға алмастырылады
Алматының екінші жылу электр орталығын газға алмастыру қаладағы басты проблема экологиялық мәселені шешуге сеп болады.
Бұл туралы Энергетика министрлігінің өкілдері мәлім етті. Зияш Қияқбаевтың айтуынша, өткен жылы ауаға 285 мың тонна лас зат шығарылған. Соның шамамен 32 мың тоннаға жуығы немесе 11 пайызы аталған орталыққа тиесілі. Ал жылу орталығын газға алмастырған жағдайда ауаға тарайтын улы заттар көлемі 30 пайызға дейін азаяды. Мамандар Алматыдағы жылу электр орталығының жұмысын көгілдір отынға алмастыру қиындық тудырмайтынын да тілге тиек етті.
Зияш Қияқбаев, ҚР Энергетика министрлігі департамент директоры:
– Алматы жылу электр орталығының жұмысын табиғи отынға ауыстыруға бар жағдай жасалып отыр. Менің ойымша, жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы кезде қажетті газды өзге су электр станцияларынан аламыз. Орталық толық қуатта жұмыс жасай бастағанда газбен қамтамасыз ететін бөлек құбыр жүргізіледі.
http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/198236-almatyda-zhes-2-k-gildir-otyn-a-almastyrylady
