Мазмұнға өту

Жаңа

Қыс келді

Уа ағайын қыс келді,
Қысым бірақ қыспа елді.
Сағансаңда сегіз ай,
Қарлы боран ұшпа енді.

Жаңа өмірден қашпайтын,
Болашаққа бастайтын,
Келді тағы әппақ қар,
Ескілікті есімізден тастайтын.

Өтті ау тағы ала жаз,
Қалдырмастан әнге саз.
Жылы мекен іздеуге,
Кеткен еді ала қаз.

Қардың көріп ұшқынын,
Еске аламын ұсқынын.
Ауыздыққа бағынбай,
Келе жатқан жылқының,

0
0
353

Серпін серпілісі

Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Серпін серпілісі" республикалық жобасы Көкшетауда болып қайтты.


Арқаның кербез сұлу Көкшесінде серпіндіктер Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне барды. Бұл ЖОО Серпін бағдарламасымен оқып жатқан студенттердің саны республика бойынша көш бастап тұр яғни 1097 студент оқиды.

Университетте қонақтар серпін студенттерінің тыныс тіршілігімен танысты. Мұражайына барып оқу орнының тарихын білді.
Осылайша қонақжай Көкшеліктерге риза болып серпіндіктер Петропавлға бет алды.

1
0
790

Туған жер

Жеріне жер жетпейді,
Қызығы ешқашанда бітпейді.
Бір рет өмірінде ғажап жерден,
Дәм татқан қайта кетпейді.

Ыстық қой ол жер бізге,
Көз салшы бабадан қалған ізге.
Көрсеңіз табиғатты көзіңізбен,
Сыр шертер тариxынан сізге.

Ұлы дала, ұлы жер,
Сіңген мұнда қан мен тер.
Елім - жерім дейтұғын,
Туды алып талай ер.

Жалғасымыз алыптарды жалғайтын,
Өмір жайлы толғайтын.
Арландары төсінде жүр,
Жетісуды жанын сала қорғайтын

0
0
319

Түңгі ой

Неткен сұлу айxой ай,
Жүре алмассың байқамай,
Ынтықпын деп сол жанға,
Әнде айтам қайталай.

Жүрмін енді айталмай,
Ұрсама деп айқайлай.
Суретіңнен көз алмай,
Тамсанамын пай - пайлай.

Айлы түні қызды ойлай,
Маxаббатқа бір тоймай.
Жатқан едім дөңбекшіп,
Көз ілместен ұйықтамай.

0
0
311

Бақытым

Жұдырықтай жүрегімде бір теңіз,
Жүрегімді әсем әнмен тербеңіз.
Сұраушылар болып жатса әнімді,
Бақытым деп қорып әнді бермеңіз.

Сен қорыған әнде менің тілегім,
Сен қорысаң қуаныштап күлемін.
Жүрегімді ұғатұғын жан болса,
Мына өмірде сен екенін білемін.

Біліп күнде тәубә деймін құдайға,
Бұны өзі құдайымда қалайма ?
Бұл фәниде шын сүйгенің барма деп ?
Ана өмірде періштелер сұрайма.

0
0
268

Тілек

Балдан тәтті Балапан,
Баласың бүгін алысқан.
Ертең елді ойлайтын.
Жігіт болшы арыстан.

Асқар таудай атаңа ұқса,
Атаң біздің қорған қалқа.
Кемеңгерім апаңа ұқса,
Апаң үлгі әрбір жасқа.

Қолды жайшы кәне ұлан,
Бата болсын бұл саған.
Бата - тілек тілеген,
Көкең сенің балақан.

-1
0
444

Қызғанамын

Сені сүйем жұрекпен қызғанамын,
Сүйген жүрек қалайша қызғанбасын.
Қызықтырып кететін кімді болса,
Қызғантатын суретіңе жүз қарадым.

Қызғанамын қызымды өзгелерден,
Қызды көрсе дәметкен кезбелерден.
Отырып ап сөз еткен өзгенің сүйіктісін,
Қызғанамын сөзі көп езбелерден.

Қызғанамын қызымды айналамнан,
Аңдығандай көрінді айдаладан.
Менен бұрын рұқсатсыз искер сені,
Қызғанамын күн сүйсе маңдайыңнан.

0
0
378

Қызғаншақтар

Бақытымды көре алмас қызғаншақтар,
Қызғанатын күлікімді көре алмастар.
Бақыттымын қайтесің міне қара,
Күлге аунап кәнеки тұз жалаңдар.

Тұз жалаңдар күймесін өзектерің,
Күйіп кетіп жүрмесін жүректерің.
Қатып қалған сиырдың жапасындай,
Қуануды білмейтін тезектерім.

Қызғаныштан айтыңдаршы не ұтасың ?
Қызғаныштан қайғырып қан жұтасың.
Қуануды үйренсең жақсы қайта,
Қызғанышты жоғалтып кеуде тұстан.

0
0
217

Көнесің бе ?

Сен мені шын жақсы көресіңбе ?
Жүрегіңнен бір сезім бересіңбе ?
Ұсынған қолды алып жүрекпенен,
Мәңгілік маған қалқам ересіңбе ?

Қалауын жүрегімнің білесіңбе ?
Түсімде енді күнде келесіңбе ?
Күлімдеп күндей көңіл шымылдығын,
Қалқатай өзің келіп түресің бе ?

Ай мен бірге жүретін елесіңбе ?
Әлемге жарық силап жүресіңбе ?
Үйімнің бақыт құсы бол деп саған,
Жүр десем маған сұлу көнесіңбе ?

0
0
299

Шындық

Тұзды көрдім,
Тұздан ауыр қызды көрдім.
Қылымдаған күлкісінен,
Қызға ерген жүзді көрдім.

Еріп жүрген жігіттерді,
Көріп сұлу күлімдеді.
Бірін емес жүзін ерткен,
Қыздан бақыт білінбеді.

Білінбеді бақыты күнімдеген,
Адам таппай сүйетін күлімдеген.
Жүзі емес сүйетін бірақ жүрек,
Іздесе де қолына ілінбеген.

Көрінбеді бақыты қолын созған,
Шындық емес, өтірік алға озған.
Үміттеніп қараған кейбір жандар,
Бақытым деп санаса көбі тозған.

0
0
248