Қобланды Абенов
@Qoblandy
Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
100
жазбалар
68
пікірлер
0
тіркелуші
0
жазылымдар
0
рейтинг
100
жазбалар
68
пікірлер
0
тіркелуші
0
жазылымдар
0
Ғашықпын әлі күнге ұмытқаным жоқ
Ғашықпын әлі күнге ұмытқаным жоқ,
Өзімше жүре берем ұмытқан боп.
Ұмытқым келседағы шыныменен,
Қойатын бұл сезімге сұрағым көп.
Неліктен бізден кеттің ұлы сезім,
Неліктен көрді ау сені мына көзім.
Сағынып қалғанмын ба сені жаным,
Жүректен кетіп қалды тоқтар төзім.
Төзімді ұрлап кеткен сенің көзің,
Түсімде қол бұлғайсың сенің өзің.
Сағынғаннан өзіңді күні - түні,
Құлағымда жаңғырды айтқан сөзің.
Барсам егер елсіз аралға
Барсам егер елсіз аралға,
Елден жырақ бір тауға.
Алар едім винокөл өзіммен,
Сағынғанда көк жиекке қарауға.
Ақша бұлтты ұқсатып оюға,
Қыздар құйған күрең шайдай қоюға.
Ұқсатамын семіз бұлтты,
Байлап қойған қошқардай ғып союға.
Алар едім қамшыны өзіммен,
Өрген ұста қаншама төзіммен.
Керек болар ол жақта қамшыда,
Көрмеген соң дұрыстап көзіммен.
Алар едім тағыда қымызды,
Ішкен кезде тұла бойым жылынды.
Желдің даусын ұқсатармын,
Тартқандай табиғат Қазақтай сыбызғы.
Заман дейміз өзгерткен адамдарды
Осы күннің өлеңі қыздар жайлы,
Бұрынғының өлеңі жылдар жайлы.
Жылдар өтіп өзгерген адамдарды,
Жазар едім өлеңге әттең сия майлы.
Өзгермес ау көңілдер өтсе жылдар,
Өзгермейді өлеңдер болса тыңдар.
Өтсе уақыт өзгермес адамдарда,
Өзгермеген өмірде айтшы кім бар ?
Гүлін алып гитарамен әнін шерткен,
Бұрынғының қыздары жігіттерден сезім күткен,
Көлігі бар қолына айфон ұстар,
Кәзіргінің қыздары байларға тиіп кеткен.
Заман дейміз өзгерткен адамдарды,
Пейілдері өзгеріп жамандады.
Сезім емес дүние қудыратын,
Талабы ма заманның жасатқан қадамдарды.
Жаңбырдың жауғанында байқамаймын
Жаңбырдың жауғанында байқамаймын,
Сүйемін деп мына өмірге айқайлаймын.
Жаңбырдың тамшылары сүйседағы,
Жаурадым деп бірақта айталмаймын.
Сезімнің жолынан мен қайталмаймын,
Өзіңді сүйемін деп қайталаймын.
Өткізбес қия - шыңы кездесетін,
Кедергі болсадағы тайсалмаймын.
Өйткені мен жүрекпен сүйеаламын,
Жүрекпен сезгенімді көреаламын.
Сезімді жолдас қылып тағдырыма,
Жүректегіні жүрекпенен береаламын.
Өткен күндер елесі
Сағынамын кейде мен кеткенді,
Кеше ғана көз алдымнан өткенді.
Сағынғам ба әлде шынымен,
Жүрегіммен елес болып жеткенді ?
Өткен күндер елесі бүгін маған,
Қалды дейді қойатын сұрақ саған.
Таңдап апты сезім жайлы өткенімді,
Шешілмеген көп сандар арасынан.
Жүрек достым тастамас сергімсің,
Сыр ашпайтын тас қамал берігімсің.
Сағындырып сарғайтқан өткен күндер,
Болашақтан мен үшін үміттісің.
Үмттісің мен үшін үміттісің,
Үзілмейтін үмітке күйіп пістің.
Арманымды жалғасаң келешекке,
Тек тілекті қалдырмашы ортасында азу тістің.
Кезіксең біздің жақтың тентегіне
Кезіксең біздің жақтың тентегіне,
Қарамастан сөзінің келтесіне.
Жаргон айтып сөз бұзар қылғымен,
От жағар ау тілінің білтесіне.
Осы күні сөздері оңды солды,
Жаргон айту жастарға жарғы болды.
Ауы үлкен шалбарды киіп алған,
РЭП айтқан жырауға көше толды.
Абай сөзі біздерге болса өсиет,
Адамдықтың белгісі бұл қасиет.
Жаргон - РЭП айтқызған жастарыма,
Қайдан келді көшеме бұл мәдениет ?
Қазақтың ұлы тұлғасы Кейкі батырдың бас сүйегі қайта еліне оралды, иманы саламат болсын бабаның. Соған аздап жүрек жарды
Мен бүгін Қазақпын деп айта алам,
Қазақ боп өз тілімде сайра қалам.
Өткеннен сыр шертетін тариxыңды,
Ұмытпай жүрегіңде сақта балам.
Тәуелсіз ел болуды аңсап өткен,
Құдайға қолын жайып дұға еткен.
Елінің болашағын армандаумен,
Қаншама бабалардың басы кеткен.
Қазақты құдай қолдап еркін етті,
Бабамның тілектері Аллаға жетті.
Отар боп бас көтермес замандары,
Бүгінге тәубе дейік, келмеске кетті.
Егемен көк туы бар қазақ жері,
Өткерді талайларды қайтпас елі.
Бүгінгі мамыра жай бейбіт заман,
Кешегі сол бабаның арманы еді.
Тақырып болар еді өлеңіме
Сен менде мына көздің ішіндесің,
Мұны бірақ бәз біреу түсінбесін.
Ал талпынған жан болса түсінуге,
Жолы болмай жатсада күрсінбесін.
Сен менде соғып тұрған жүректесің,
Жүректі жарып шыққан өлеңдесің.
Өзіңді ойлағанда сағынатын,
Жазады осы өлеңді тілектесің.
Тілектес тілек жазды бір өзіңе,
Тілегі бір қарау ғой тік көзіңе.
Қараған сәттер болса сұлуыма,
Тақырып болар еді өлеңіме
Номеріңді берді маған класстасың
Номеріңді берді маған класстасың,
Класстаспен ешқашан таласпапын.
Он бір жыл бір класста оқысаңда,
Класстасқа бірақта сыр ашпапсың.
Класстасың берді маған номеріңді,
Өзгерт деп сүріп жүрген өміріңді.
Ғашықтық ауылынан xат жіберіп,
Оятайын қалқатай жүректегі сезіміңді.
Класстас тілер саған сезім жолын,
Сезімде сыңар табу қандай қиын.
Жүрегін ару қыздың жаулап алсам,
Табысар олда бізбен созса қолын