Қызғаншақтар
Бақытымды көре алмас қызғаншақтар,
Қызғанатын күлікімді көре алмастар.
Бақыттымын қайтесің міне қара,
Күлге аунап кәнеки тұз жалаңдар.
Тұз жалаңдар күймесін өзектерің,
Күйіп кетіп жүрмесін жүректерің.
Қатып қалған сиырдың жапасындай,
Қуануды білмейтін тезектерім.
Қызғаныштан айтыңдаршы не ұтасың ?
Қызғаныштан қайғырып қан жұтасың.
Қуануды үйренсең жақсы қайта,
Қызғанышты жоғалтып кеуде тұстан.
