Туған жер
Жеріне жер жетпейді,
Қызығы ешқашанда бітпейді.
Бір рет өмірінде ғажап жерден,
Дәм татқан қайта кетпейді.
Ыстық қой ол жер бізге,
Көз салшы бабадан қалған ізге.
Көрсеңіз табиғатты көзіңізбен,
Сыр шертер тариxынан сізге.
Ұлы дала, ұлы жер,
Сіңген мұнда қан мен тер.
Елім - жерім дейтұғын,
Туды алып талай ер.
Жалғасымыз алыптарды жалғайтын,
Өмір жайлы толғайтын.
Арландары төсінде жүр,
Жетісуды жанын сала қорғайтын
