Мазмұнға өту

Жаңа

Достық

Өзгерді бүгін заманым жаңа,
Заманмен өткен жылдарды сана.
Өтседе уақыт өзгермес шындық,
Қазақтың бауыры қазағың ғана.

Өзгені силап дос болып қана,
Беттейміз биік арманға дара.
Бірлікті сақтап xалқымен бірге,
Қараймыз тіктеп заманға алға.

Қыран боп ұшып самғаймыз әлі,
Қызығып бізге досым деп бәрі.
Таласып келіп дос болсаң бізбен,
Таусылмас бірақ қазақтың достыққа пейілі.

0
0
244

Қызғаншақпын мені өзгерте алмайсың

Қызғаншақпын мені өзгерте алмайсың,
Қызғаншақтан неге өзің қалмайсың.
Қызғандырып тіпті нұрлы күненде,
Қызғандырар сезім отын жалғайсың.

Қызғанамын тіпті кейде желденде,
Рұқсатымсыз сені беттен сүйгенде.
Бақыт тілеп тұрасаңдағы самал жел,
Қызғанамын сүйіктімді өзге көздер көргенде.

Қызғаншақпын оны білем сүйіктім,
Қызғанғанан сені қатты сүйіптім.
Көрген кезде қолаң шашты аруды,
Қандай жүрек қызғанбайды көріктім.

0
0
1687

Туған жер

Маған бүгін бата бер,
Көзге таныс туған жер.
Бала болып доп қуып,
Маңдайымнан аққан тер.

Таныс маған анау бел,
Танысаң достым мұнда кел.
Құшақ жайып шығатын,
Таныс тіпті соққан жел.

Еске түсіп сол бір кеш,
Көз алдыма келді тез.
Қызық қуып жүретін,
Қайда бүгін бала кез ?

Айлы түні қыдырып,
Қыз үйіне ысқырып.
Жарыса ғой бала боп,
Көшелерде жүгіріп.

Саған келдім сағынып,
Көңіл құсқа бағынып.
Қызға тағы барса ғой,
Боз бала боп қағынып.

0
0
384

Ғашықтық дәптері

Көргің келсе сезімімнің дәптерін,
Ұсынайын ынтықтықтың беттерін.
Тек абайлап, байқап ашқын парақты,
Үркітпестен ақ қанат құс кептерін.

Дәптерге толық жазылмас жүрек жыры,
Арасында болған соң парақ қыры.
Тек жүрекпен сезінер ғашық адам,
Жазылғанда ғашықтық өлең сыры.

Өлең болып жаралса сезім менде,
Ықылас пен бар ойым болар сенде.
Ғашық болып ынтықса жүрегімен,
Сән береді жалғанға сүйген пенде.

0
0
320

Ғашықпын

Мүсініңе болып ғашық көздерім,
Көзді қойшы шатасты ғой сөздерім.
Бір өзіңді армандайтын жүрекпен,
Сүйем деген сөздеріңе шөлдедім.

Жүрегіме жақын тартып сөзіңді,
Ұнатамын мөлдіреген көзіңді.
Барар едім қайда болса соңынан,
Шақырса егер көз қалаған мүсінді.

Мүсініңе ғашық болдым көргенен,
Көздеріне ғашық болдым білгенен.
Арманыма себеп болып келесің,
Жүрегіме бір күй маған келгеннен.

0
0
388

Сұлуым

Мен секілді сені ешкім сүйе алмайды,
Сүйген жүрек сүйгенін бере алмайды.
Сүйіп тұрып, сүймейтін сыңайыменен,
Сен секілді ешкімде жүре алмайды.

Сүю бөлек, ұнату олда басқа,
Сүйгеніңді жазғандай ойып тасқа.
Шатастырма жүректі сүйе алмасаң,
Ұнатуды тосатын сезім қасқа.

Жүре алмаймын өзіңдей шайқалмастан,
Қинап қойып жүректі тайсалмастан.
Таңқаламын сұлуым мінезіңе,
Жүре алатын сезімді байқамастан.

Жауланбайтын жүрегің неткен қатты,
Өлең айттым ерітер балдан тәтті.
Әр қадамды байқамай өтетұғын,
Қорғанысты құрғансың қандай сәтті.

0
0
298

Қолда құдай

Қасиетті ұлы ұран, әнұран,
Әр жүректе Қазақпын деп жаңғырған.
Намыс бермес додаларда жігіттер,
Руxтарын ия әруақ деп шақырған.

Қолда құдай Қазақтарды алыстан,
Құда болып көрші ауылға барысқан.
Кең пейілді ұлы ұлтым жасасын,
Қызды қуып, бәйге шауып жарысқан.

Ұлы дала ұрпақтары сақтардың,
Атила боп жауға қарсы аттандың.
Томирис боп ұстап алып патшасын,
Тұншықтырдың қанға басын жаулардың.

Көз алартпа көрші бізге ұғарсың,
Достық қалап әлі өзің тұрарсың.
Ұрпағынан кешегі өткен ғұндардың,
Қорған жасап бізден әлі бұғарсың.

Айбат емес достық кеңес бәріңе,
Достарымды қарсы алайын елімде.
Даласы бар ұлан - байтақ Қазақтың,
Мәрт көңілін теңей білші жеріне.

0
0
338

Жүрек үнін ұға алмас

Күн суыса суысын,
Жүрек деген қуысым.
Сезім ғана жылтады,
Ұқшы бұны туысым.

Келер тағы жылы күн,
Бұған куә күн мен түн.
Келмес кетсе бірақта,
Сезім дейтін ұлы үн.

Бағаларсың сезімді,
Болып біраз төзімді.
Ұғынарсың жүрекпен,
Саған ғашық көзімді.

Сезім сыры таусылмас,
Ешкім шешіп таба алмас.
Сүймегендер жүрекпен,
Жүрек үнін ұға алмас.

0
0
424

Ар мен қызға тиспеңдер.

Құшақ - құшақ гүл беріп,
Жүрсе күнде ізге еріп.
Сырын айтар жүректен,
Айға теңер сөз теріп.

Теңеп қызды ғарышқа,
Оймен ұшар алысқа.
Қараңғыға сән берген,
Айыл аспан жұлдызға.

Байқа қызым ондайдан,
Артық кетіп қоймаудан.
Білсең күнә басталар,
Құмарлықты ойлаудан.

Салтты силап өскендер,
Қазақттықтан көшпеңдер.
Жанды алсаңда кеудеден,
Ар мен қызға тиспеңдер.

0
0
283

Өмір

Өмірдің өзі бірақ еркелейді,
Еркелеп сен қасымнан кетпе дейді.
Кезіксең сынағыма өзім құрған,
Мұңайып бірақ достым өтпе дейді.

Сынақтан өту керек жігерленіп,
Қайтпайтын мойымастай мінез қосып.
Ұмтылып арғы бетке жету керек,
Сырғымай мұз үстінде тіке қарап.

Қолдайды сонда ғана тағдыр сені,
Еседі маңдайыңан самал желі.
Жеңіске жететұғын күндеріңде,
Көрерсің күлімдеген мына мені.

0
0
262