Серпін серпілісі
Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Серпін серпілісі" республикалық жобасы Көкшетауда болып қайтты.

Арқаның кербез сұлу Көкшесінде серпіндіктер Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне барды. Бұл ЖОО Серпін бағдарламасымен оқып жатқан студенттердің саны республика бойынша көш бастап тұр яғни 1097 студент оқиды.
Университетте қонақтар серпін студенттерінің тыныс тіршілігімен танысты. Мұражайына барып оқу орнының тарихын білді.
Осылайша қонақжай Көкшеліктерге риза болып серпіндіктер Петропавлға бет алды.
