Қызғанамын
Сені сүйем жұрекпен қызғанамын,
Сүйген жүрек қалайша қызғанбасын.
Қызықтырып кететін кімді болса,
Қызғантатын суретіңе жүз қарадым.
Қызғанамын қызымды өзгелерден,
Қызды көрсе дәметкен кезбелерден.
Отырып ап сөз еткен өзгенің сүйіктісін,
Қызғанамын сөзі көп езбелерден.
Қызғанамын қызымды айналамнан,
Аңдығандай көрінді айдаладан.
Менен бұрын рұқсатсыз искер сені,
Қызғанамын күн сүйсе маңдайыңнан.
