Шындық
Тұзды көрдім,
Тұздан ауыр қызды көрдім.
Қылымдаған күлкісінен,
Қызға ерген жүзді көрдім.
Еріп жүрген жігіттерді,
Көріп сұлу күлімдеді.
Бірін емес жүзін ерткен,
Қыздан бақыт білінбеді.
Білінбеді бақыты күнімдеген,
Адам таппай сүйетін күлімдеген.
Жүзі емес сүйетін бірақ жүрек,
Іздесе де қолына ілінбеген.
Көрінбеді бақыты қолын созған,
Шындық емес, өтірік алға озған.
Үміттеніп қараған кейбір жандар,
Бақытым деп санаса көбі тозған.
