Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференцияны өткізу туралы жарнама

2017 жылғы 25 қазанда сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады. Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді. Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы салаларының мәселелері бойынша қызығушылық та…

0
0
285

Әділет министрі М.Б. Бекетаев Түркия мемлекетінің делегациясымен кездесті

2017 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрі М. Бекетаев Түркия мемлекетінің Жоғарғы кассациялық сотының төрағасы Исмаил Рюштю Джирит және Түркияның Бас прокуроры Мехмет Акарджа бастаған делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында қатысушылар құқық саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы талқылап, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жақсы деңгейде екендігін атап өтті. Кездесу достық жағдайда өтті.
Нәтижесінде қатысушылар кездесу үшін бір-біріне алғыс айтып, жұмыста жемісті болуды тіледі.
0
0
353

ТМД елдерінің өкілдері Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәжірибесін игеруге келді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпен бірге ұйымдастырған «Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы тәжірибесі. Инновациялық тәсілдер: сын-тегеуріндер мен шешімдер» атты халықаралық конференция барысында басқа елдерден келген қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы тәжірибесімен танысып, инновациялық жобаларды мемлекеттік басқару секторына енгізу мүмкіндіктерін талқылады. Конференцияның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары Қайрат Балықбаев, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов, Сингапурдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі БҰҰ «Даму» бағдарламасы ғаламдық…

0
0
601

«Бала дауысы» байқауының жас жұлдыздары концерт берді

DISNEYLAND күтіп жүрген “Бала дауысы” ұлттық балалар ән байқауының “болашақ” жеңімпазы мен жоба финалистері осы жұмада Алматы қаласының “Оқушылар сарайында” сарайдың балақайлары үшін концерт өткізді. Кеште жоба финалистері өздерінің толық дайын екендіктерін көрсетіп, жаңа әндерін айтып, балалар мен ата-аналарды қуантып қайтты. Естеріңізге сала кетейік, жобаның финалы “Алматы Аренада” Республикалық масштабта, үлкен көлемді, 3 күн бойы, яғни, 27-28-29 қазан арасында өтеді. Алматыда болсаңыз, міндетті түрде барып, сүйікті жас өнерпазыңызды қолдап қайтыңыз! Басқа қаланың тұрғындары үшін, КТК каналында тікелей эфирде көрсетіледі. “Бала дауысымен” жаңа жұлдызды бірге жағайық!

0
0
496

Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің МЭС Сарапшылық кеңесінің жұмысы туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 56 бабына сәйкес, қауіптілігі жоғары нысандарға қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қарау үшін 2016 жылдың қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінде құрамына қызметтері қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, жұртшылық, кәсіпкерлер палатасы және БАҚ өкілдері кіретін мемлекеттік экологиялық сараптаманың Сарапшылық кеңесі құрылған болатын. 2016 жылы Сарапшылық кеңестің 5 отырысы өткізілді, онда барлығы 4 жобалық құжаттама қаралды, 2017 жылдың 9 айында – 4 отырыс өткізіліп, 7 жобалық құжаттама қаралды. Сарапшылық кеңестің отырыстарында облыстың ірі табиғат пайдаланушыларының жобалары қаралды, атап айтқанда, «Батыс Табиғат»…

0
0
1306

Астанада атом энергетикасы бойынша семинар өткізілді

2017 жылғы 17-20 қазан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Қазақстанның ядролық қоғамы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің өкілдері (АЭХА) мен сарапшыларының қатысуымен «Атом энергетикасы саласына мүдделі тараптардың қатысуы және коммуникация» атты семинарды ұйымдастырды. Семинар жұмысына ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның, «Ядролық физика институты» РМК-ның, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның, «Қазақстанның ядролық қоғамы» ЗТҚ, «University medical center» үкіметтік емес ұйымының, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты. Семинар барысында Қазақстанның атом саласындағы коммуникациясын дамытуға қатысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың рөліне қатысты мәселелер, БАҚ-пен қазіргі және болашақта а…

0
0
427

Қазақстанның Бас Прокуроры Түркия Жоғарғы сотының төрағасы және Бас Прокурорымен кездесті

23 қазан, Астана қ. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Түркия Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы және Бас Прокурорымен кездесті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstannyn-bas-prokurory-turkiya-zhogargy-sotynyn-toragasy-zhne-bas-prokurorymen

0
0
394

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 20 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

0
0
445

Жаңғырамыз деп жаныламыз ба?

Елбасымыздын «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» саясаты, елдің үшінші жаңғыруы- әлемдік бәсекеге қадам басуыдағы нақты келешекке деген, соның ішіндегі дамыған 30 мемлекет қатарына қосылуға арналған жоспарларға жетуі үшін нақты қадамдарын қарастырған мақала. Ол үшін озық ойлау қабілеттілігімен , ғылым мен техникасы дамыған, білімді нығайтуға деген құштарлыға бар, бірегейлі мемлекет болуы тиіс. Дәл осы мақсатта басшылар білім мен ғылым саласына ауқымды өзгерістер еңгізді. Елді дүрсілкіндірген жанартудағы «Латын әліп биін көшу» өзгерісі. Қарапайым халықтың бұл жаңаруга қарсы шығудағы себебі мен қорқынышы қандай? Мемлекетте болып жатқан жағдай қандай да болмасын бірінші кезекте халыққа өз әсерін тигізеді. Қаншама уақыт бойы кириллица жазба графигіне бауыр басып қалған жұрт ендігі оқу форматын…

0
0
594

Шіркін-ай, өмір өзі, қымбат қой...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Сергей Чекалин «Птицы» Бейнематериал авторы – Music Russia Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте - https://vk.com/public56982889 Ей адамдар, ойланыңдар, тоқтаңдар, Кемсітпеңдер біреуді, кедей болса. Дүние шолақ, бір соны, ұмытпандар, Кем болмаспыз ортаға, тәубе қонса. Бұл тағдырды, біз емес, Алла шешкен, Жазылғанын пешенеге көрерміз. Өзіменен байлықты, кім әкеткен? Болмау керек, жан-жақтан, тек өкпеміз. Не береміз ұрпаққа, айтыңдаршы? Саудаға салып жатсақ, болашақты. Ұмытпайық, ата-ананың борышы, Сабырлықпен тең қылу, бұл уақытты. Кемсіткеннен не пайда, қаларсыңдар, Жат болып, басқалардан, алыстап. Бар қиыны, ұрпақты жылатқандар, Той - думанды таразға, бүгін тастап. Барады, өзім деген, өзек жарып, Бос намысты, қорғап жатыр кеудемен. Жоқ…

1
1
1286