Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Заңсыз аң аулаушылар ұсталды.

Ағымдағы жылдың 20 қазанында Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның қызметкерлері бірлескен рейд жүргізді. Нәтижесінде Қазалы ауданының аумағында УАЗ автокөлігімен Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ-нің 5 қызметкерлері ұсталды.


Тексеру барысында, автокөлік ішінен 1 дана қос ұңғылы 12 калибрлі аңшы мылтығы, 22 дана дайын оқтар, 1 дана шаппа пышақ және 39 дана қоян аңының  өлі денелері бары анықталды. 
Қазіргі танда аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық көдексінің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірынғай тізіліміне тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
899

Осы тақырып бойынша

Заңсыз аң аулаушылар ұсталды. - Yvision.kz