Сапалы талдау — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың табысты болуы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 8-бабын іске асыру шеңберінде 2017 жылғы 23 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Жемқорлықтың алдын-алу басқармасы басшысының м.а. Е.Кенжалиннің қатысуымен ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі сапалы талдау» дөңгелек үстелі өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», заңнын қолдану тәжірибесі мәселелері қозғалды.
Атап айтқанда, Департамент қызмекерімен жемқорлықтың алдын-алу бойынша қолданылатын шараларды жүзеге асыру механизмдері және ҚР Жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Инспекция қызметте сыртқы талдау нәтижесі ретінде бұрын анықталған жемқорлық тәуекелдердің нақты мысалдары қарастырылған.
Дөңгелек үстел отырысы келісілмеген жағдайда өткізілді, департаменттің қызметкерлеріне берілген сұрақтарға толық жауаптар берілді. Іс-шараға 20 адам қатысты.
