Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да «Таза қол: Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы өткізілді

2017 жылдың 26-28 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Шпекбаев А. жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болды.

Жұмыс сапары шеңберінде, облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Таза қол: Парасыз болашаққа. Бірге!» форумы ұйымдастырылды.

Форум өткізілудің негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және оның кез-келген көріністеріне төхбеушілік қағидатын қалыптастыру, заңнаманың қатаң сақталуы, сыбайлас жемқорлық тудыратын құқықбұзушылықтардың себептерін анықтау, жемқорлық көріністерін мүлдем қабылдамау.

Форум жұмысына Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С.Күлгінов, Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж.Шпекбаев, жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың, құқыққорғау жүйесінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Форум жұмысын алғы сөзбен облыс әкімі А.С.Күлгінов ашты.

Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж.Шпекбаев өз баяндамасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудағы батылдық пен ымырасыздық Мемлекет басшысының саяси еркіндігі мен бастамасынан, сондай-ақ, қоғамның зор көмегінен басталып отырғандығын айтты.

Алик Шпекбаевтың айтуынша, ашықтық пен ынтымақтастыққа дайын болу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азамататрдың көп болуы маңызды құралы. Ол сыбайлас жемқорлық мәселелерін тек ресми іс-шараларда ғана емес, қарапайым қазақстандықтардың отбасында да талқыланатындығын, қоғамның сынына ұшырайтындығын айтты.

Өзінің сөзіне дәлел ретінде Агенттік Төрағасының орынбасары халықаралық және ұлттық агенттіктердің зерттеулерінің мәліметтерін келтірді. Сонымен, Transparency International  "Барометр әлемдіксыбайлас жемқорлыққа жүргізетін" зерттеу нәтижелері бойынша, үш жыл бұрыңғы қорытындымен салыстырғанда, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл прогресін бақылайтын азаматтардың үлесі екі есе өскен, ал пара берушілердің саны үштен бірге қысқарды.

Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жарияланған соңғы зерттеулері көрсеткендей, 80%-дан астам респонденттер пара бермеген және оның не екендігін ұмытқан.

«Зерттеу» стратегиялық орталығының зерттеу нәтижелері сыбайлас жемқорлықтың төмендегендігін куәландырады және оған сәйкес сұрау салғандардың 70%-ы сыбайлас жемқорлық жағдайларына тап болмаған.

 

Агенттік спикерінің пікірінше, оған үкіметтік емес сектор, саяси партиялар, кәсіподақ мекемелері, бизнес-құрылымдар және академиялық қауымдастықтарымен жүргізіліп жатырған диалогтың жаңа форматы ықпал етті.

Алик Шпекбаев, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресте халықтың белсенділігінің жоғарылағандығына аса назар аудартты.

Агенттіктің Call-орталығы құрылған кезден бастам азаматтардан түсетін өтініштер саны 13% - ға өсті. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 187 тұлға (оның ішінде ауыр қылмыстар бойынша – 111, ауырлығы орташа – 76) 26 млн. астам теңгені құрайтын сомада ынталандырылды. Бұл 2 есегі артық көрсеткішті құрап отыр (112 тұлғалардың 14,6 млн. теңге).

Сонымен қатар, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңына енгізілген жаңа превентивті құралдарды қолданудың нәтижелері айтылды. Агенттік Төрағасының орынбасарының айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытынды бойынша 276 мемлекеттік органдардың және мекемелердің мекен-жайына сыбайлас жемқорлықтығ себептері мен жағдайларын жою бойынша 2250 ұсыныс енгізіліп, оның 1924-і (86%) орындалды.

Сондай-ақ, баяндама барысында қылмыстық қудалау нәтижелері айтылды. Тек осы жылы ғана 14 орталық мемлекеттік органдар басшыларының және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, 90 – облыстық, 121– қалалық және аудандық органдары басшылары әшкереленді.

Олардың заңсыз әрекеттерінен мемлекет кірісіне шамамен 5 млрд. тенге өтелді.

Баяндамашының сөзіне қарағанда, басты басымдықтарының бірі жүйелі сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу болып табылады. Өйткені, бүкіл тізбек қатысушыларының заңсыз әрекеттері ашылады.

Жыл басынан бері жүргізілген мақсатты жасырын іс-шаралар нәтижесінде 89фактанықталып, ұйымдасқан қылмыстық топтағы 257 адам анықталды, ішкі істер органдарының (4), білім (3), кеден (2), ауыл шаруашылығы (2), жер қатынастары (1) салаларындағы 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне тоқтау салынды.

«Таза қол – Чистые руки» жобасының жүзеге асыру және аймақтағы сыбайлас жемқорлық қарсы қолданылып жатырған шаралар жөнінде облыс прокуроры С.А.Нурпеисов баяндады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов атап өткендей, қоғамның белсенділігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың сәтті кепілі.

Сондай-ақ, қатысушылар алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының БҚО бойынша Департаментінің басшысы Мақсат Қожабаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуы бойынша сыртқы талдау және бағалау арнайы мониторингтік топтың төрайымы Әлия Сәлиева, «БҚО Азаматтық Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті Айгүл Туркина, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.

Форум жұмысын қорытындылай келе, Агенттік Төрағасының орынбасары студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өткізілген облыстық пікір-сайыс турнирінің жеңімпаздарын марапаттады.

Шара соңында, форум ұйымдастырушылары облыс халқын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа қосылуға шақырды.

       
0
0
654

Осы тақырып бойынша

БҚО-да «Таза қол: Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы өткізілді - Yvision.kz