Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі»

А.ж. 27 қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдар және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелері персоналды басқару қызметінің қызметкерлері, заңгерлердің қатысумен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі» тақырыбында конференция өткізді. Шараға 150-ден астам адам қатысты.

Қаралған мәселелер:

1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері»;

2. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің практикалық ұсынымдары»;

3. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау»;

4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау»;

5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»;

6. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі».

Мәселелердің өзектілігін атап өткен Департамент басшысының орынбасары Степаненко Е.Ф., Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына ерекше назар аударды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өкілетті органның мамандары Қ.М. Шаймұқанов, Р.М. Жұмағұлов жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау жөнінде сыртқы талдау және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу механизімдері мен негізгі бағыттары туралы баяндады.

Департамент қызметкерлері Р.Б. Қожахметов пен О.Н. Брюнина сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтаудың практикалық ұсынымдарын түсіндірді.

Сонымен қатар, конференцияға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі» мәселемен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы С.Н.Зайцева қатысты.

Іс-шара барысында көтерілген мәселелерге қатысты қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, олардың барлығына тиісті түсіндірмелер берілді.

 
0
0
1322

Осы тақырып бойынша

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі» - Yvision.kz