Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Энергетика министрлігінде көмір саласы мәселелерін талқылады

27.10.2017 ж. Энергетика министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдар, көмір өндіруші кәсіпорындар, тауар биржалары, трецдерлер және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қатысуларымен мәжіліс өтті.
Мәжілісте коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарды және халықты көмірмен қамтамасыз ету, көмір жөнелтудің проблемалары тағы басқа мәселелері талқыланды.
Сала электр энергиясының өндірілуінің шамамен 70%-ын, кокс химиялық өндіріс жүктемесінің жүз пайыз дерлік қамтамасыз етеді, республиканың коммуналдық-тұрмыстық секторын және халықты отынға деген тұтынушылығын толық қанағаттандырады.
Оперативтік мәліметтер бойынша а.ж. 26 қазандағы жағдай бойынша 82,0 млн. тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2% көп. Ішкі нарыққа 59,8 млн. тонна көмір жөнелтілді, оның ішінде 44,8 млн. тонна энергия өндіруші кәсіпорындарға жөнелтілді. Экспорт 22,9 млн. тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,9% көп.
Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа көмір жөнелту 9,0 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға көп.

0
0
419

Осы тақырып бойынша

ҚР Энергетика министрлігінде көмір саласы мәселелерін талқылады - Yvision.kz