Энергетика министрлігінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің нормаларын түсіндірді
Мемлекет басшысы өз Жолдауында Кодекстің жобасын 2017 жылдың соңына дейін қабылдау қажет екендігін белгілеп көрсетті. Бұдан басқа, Кодекстің жобасы Ұлт жоспарының 74 және 75 қадамдарында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленген.
Кодекстің негізгі мақсаттары:
1. жер қойнауын пайдалану саласында заңнаманы жетілдіру
2. инвестициялық климатты жақсарту
3. минерал-шикізат базасын қамтамасыз ету болып табылады.
Кодекс Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлімде әмбебап сипатқа ие және пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты емес жер қойнауы туралы заңнаманың негіз қалаушы ережелері бекітілген. Олар: жер қойнауын пайдалану құқығын анықтау, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға қойылатын жалпы талаптар, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың қағидаттары, мемлекеттік басқарудың жүйесі және тағы басқа.
Ерекше бөлімде жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімдері, пайдалы қазбалардың түрлері бойынша жер қойнауын пайдалануға қатысты операцияларды өткізудің шарттары, мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың ерекшеліктері қамтылған және егжей-тегжейлі реттелген.
Мұндай тәсіл пайдалы қазбалардың түрлерін ескере отырып жер қойнауын пайдалануды реттеу ерекшеліктерін қарастыруға мүмкіндік берді.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс инвестициялық климатты жақсартуға, сондай-ақ салада кездесетін проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар негізгі жаңалықтардан тұрады. Бұл мынадай жаңалықтар:
Мемлекеттік қорлардағы жер қойнауы туралы барлық мәлімет көпшілікке қол жетімді болады
Жер қойнауын пайдаланушылар туралы, жер қойнауын пайдалану шарттары және ақырғы бенефициар – жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалар мен мемлекеттер туралы мәлімет ашық болады
Пайдалы қазбалар екі негізгі топқа бөлінген
Көмірсутектер – мұнай, газ, табиғи битум.
Қатты пайдалы қазбалар – қатты күйде болатын барлық пайдалы қазбалар, (ұсақ жұмыр тасты, құмды, құмды-қиыршықтасты қоспаны және т.б. – негізгі құрылыс материалдарын) қоса алғанда.
Техногендік минералдық түзілімдер (ТМТ) жер қойнауын пайдалануға берілген лицензияның әрекет ету уақытына жер қойнауын пайдалунышының меншігі болып табылады және жер қойнауы учаскесінен шығарылмаған жағдайда лицензияның уақыты аяқталғаннан соң мемлекетке қайтарылады.
Лицензиялық режим: жеке тұлғалардың геологиялық зерттеуі, қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану.
Келісімшарттық режим: көмірсетутектерді барлау мен өндіру, уран өндіру
Жер қойнауы құқығын беру мақсатында жер қойнауы учаскелерін шығару рәсімінің айқын еместігі қолданыстағы Жер қойнауы туралы заңның негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Инвесторлар қашан және қандай жер қойнауы учаскесіне орташа мерзімдегі келешекте барлау мен өндіруге қаражатын инвестициялау мүмкіндігі жөнінде хабарсыз.
Жер қойнауын беру бөлігінде мемлекеттік саясаттың айқындығын және болжамдығын қамтамасыз ету мақсатында Кодекстің жобасында Жер қойнауы мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын қабылдау қарастырылған. Бұл бағдарламада саланың даму бағыттары мен жер қойнауын пайдалану мақсатында учаскелерді беру бойынша перспективалар бекітілетін болады.
Аталған мәселелерді шешу үшін Кодекстің жобасын әзірлеу кезінде ҚР Энергетика министрлігі:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қолжетімділікті жеңілдету;
2) қорлар бойынша есептіліктің халықаралық стандарттар жүйесін енгізу;
3) геологиялық барлауға инвестицияларды ынталандыру;
4) артық әкімшілік кедергілерді жою, рәсімдер мен мерзімдерді қысқарту;
5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар тараптарын тәуекелдерге ұшырататын заңнамада кездесетін кемшіліктерді жою;
6) өтпелі ережелерді нақты реттеу;
7) заңға тәуелді деңгейде Кодексті іске асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінен бастап, яғни «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің жобасын Парламент Мәжілісіне енгізген күннен бастап, жұмыс тобының 7 отырысы және Атырау қаласында бір көшпелі жиналыс өткізілді.
Аталған отырыстар барысында Үкіметтің қорытындысына бағытталған депуттардың бірқатар тұжырымдамалық ұсыныстары қарастырылды.
