Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алик Шпекбаев БҚО-да мемлекеттен көрсетілтен қызметтердің объектілерін инспекциялады

2017 жылдың 26-28 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Шпекбаев Алик Жамқамбайұлы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Агенттік Төрағасының орынбасары сапары кезінде арнайы мониторингтік топтың мүшелерімен бірге Орал қаласының әкімдігіндегі ағымдағы жылдың маусым айынан бері жұмыс жасап тұрған «Ашық әкімдік» жобасының негізгі жұмыс көрсеткіштері және талдау нәтижелерімен танысты. Шпекбаев А. алдағы уақытта халық кабинеттер арасында жүгірмейтіндігін және аталған жоба жұмыстың ұйымдастырылуын түбегейлі өзгертетіндігін атап өтті. Соңында, ол «Ашық әкімдік» жобасының жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Жұмыс сапары шеңберінде, Шпекбаев А. облыстың Теректі, Зеленов және Тасқала аудандарында көшпелі кездесу өткізіп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Халыққа қызмет көрсету, көші-қон қызметі салалары және аудандық аурухана секілді халық пен бизнеске көптеген қызметтер көрсететін мекемелерді инспекциялады.

Көшпелі кездесу барысында, Шпекбаев А. аудан тұрғындарымен мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасы жөнінде сұхбаттасып, мемлекеттік органдарға бүгінгі күні халыққа керексіз қауырттылықты тоқтатып, азаматтарға жағдай жасау үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында жұмысты оңтайландыру және автоматтандыру қажеттілігін ұсынды.

Жұмыс сапарының соңында Агенттік Төрағасының орынбасары аудан активімен кездесу өткізіп, жергілікті әкімдерге қай салада болмасын мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді алу кезінде азаматтарға қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

Агенттік басшылығының Батыс Қазақстан облысына сапары кезінде аудан тұрғындары өз өтініштерін білдіріп қана қоймай, өз ризашылықтарын да айтты. Аудан халқы осындай кездесулер секілді кері байланыс түрі аймақ тұрғындарының көптеген мәселелерінің шешімдерін табатындықтарына сенімді.

Өз кезегінде, А.Шпекбаев аудан халқын мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді алу кезінде заңды құқықтары бұзылған жағдайда белсенді азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.

   
0
0
585

Осы тақырып бойынша