Қазақстандағы аудиттін дамыу үшін өзгерістер қажет
Алматыда Қазақстан Аудиторлар палатасы мүшелерінің қатысуымен «Қазақстандағы аудитті дамытудың қазіргі заманғы беталыстары» тақырыбы аясында журналистерге арналған баспасөз бранчі өткен. Сарапшылар Қазақстандағы аудит саласының қазіргі жағдайына талдау жасап, аудиторлық қызмет сапасы, саланы реттеу тиімділігі, сондай-ақ, саланың жалпы ел экономикасының дамуына және бәсеке қабілеттілігін көтеруге ықпалы жайлы сөз тарқатты. Іс-шара Қазақстанда «Аудиторлық қызмет туралы заңның» қабылдануының 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. «ҚР Аудиторлар палатасы» кәсіби аудиторлық ұйымы 1993 жылдың 1 маусымында құрылды. Сол кезеңде Қазақстандағы және ТМД аумағындағы тұңғыш әрі жалғыз аудиторлық қауымдастықтың басты мақсаты жаңа кәсіби тетікті, дәлірек айтқанда, елімізде аудиторлық қызметті құру болды. ҚР…
