Қазақстандағы аудиттін дамыу үшін өзгерістер қажет
Алматыда Қазақстан Аудиторлар палатасы мүшелерінің қатысуымен «Қазақстандағы аудитті дамытудың қазіргі заманғы беталыстары» тақырыбы аясында журналистерге арналған баспасөз бранчі өткен.
Сарапшылар Қазақстандағы аудит саласының қазіргі жағдайына талдау жасап, аудиторлық қызмет сапасы, саланы реттеу тиімділігі, сондай-ақ, саланың жалпы ел экономикасының дамуына және бәсеке қабілеттілігін көтеруге ықпалы жайлы сөз тарқатты.
Іс-шара Қазақстанда «Аудиторлық қызмет туралы заңның» қабылдануының 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.
«ҚР Аудиторлар палатасы» кәсіби аудиторлық ұйымы 1993 жылдың 1 маусымында құрылды. Сол кезеңде Қазақстандағы және ТМД аумағындағы тұңғыш әрі жалғыз аудиторлық қауымдастықтың басты мақсаты жаңа кәсіби тетікті, дәлірек айтқанда, елімізде аудиторлық қызметті құру болды. ҚР Аудиторлар палатасының президенті Сапар Көшкімбаев атап өткендей, бүгінгі күні қалыптасып үлгерген кәсіби саланы дамыту үшін оның басшылығы астындағы орган 25 жыл ішінде өте ұзақ жол жүріп өтті. Аудиторлар палатасында Қазақстаннан ғана емес, сонымен бірге, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан сынды көршілес елдерден 500-ден аса адам оқудан өтті, өйткені қазақстандық аудиторлар әрдайым бүкіл аймақтағы аудиторлық саланы дамытуды мақсат тұтып келді. ҚР Аудиторлар палатасы саланы әрдайым алға бастыратын қозғаушы күш ретінде қызмет етіп келеді, ал оның басты өкілдері өздеріне жүктелген миссияны ары қарай кеңінен түсініп, орындауды басты міндет санайды.
Аудиторлар палатасы Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының (1999 ж.) басты құрылтайшылары ретінде ұйымның құрылуына атсалысты. Сондай-ақ, оның мүшелері «ҚР Салықтық кеңес берушілер палатасы» (2002 ж.), «ҚР Кәсіби есепшілер палатасы» (2010 ж.) және «ҚР Кәсіби бағалаушылар палатасы» сынды кәсіби ұйымдардың құрылуына бастама беріп, олардың ұйымдастырылуына тікелей араласты.
Қазақстандағы және Орталық Азиядағы «КПМГ Аудит» ЖШС басқарушы директоры, ҚР Аудиторлар палатасының мүшесі Әсел Қайырова Қазақстанның қазіргі заманғы экономика дамуындағы ең маңызды тұстарға тоқталып, ел экономикасын жақсарту үшін қандай бағытта дамуы керектігін атап өтті. Жақында жарияланған World Economiс Forum есебінде бәсекеге қабілеттілік индексінде Қзаақстан бүкіл 137 орынның ішінде 57-орынға тұрақтаған, осы ретте бұған дейін еліміз 50-ші және 51-орындарды иеленген болатын. Экономикалық жағынан және де саяси тұрғыдан алғанда тұрақтылық сақтала бермейтін әлемде әртүрлі экономика секторларын өзгертудің орнына, жүйелі өзгерістер қажет.
