Қостанайда тағы бір кәсіпкер Бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы аясында қолдауға ие болды
Максим Романчиков 14 жыл бойы лор-дәрігер болып жұмыс істеді. Жеке бизнесін ашу жайлы ой Максимді көптен бері мазалайтын. «Даму» Қоры Максимнің Қостанай қаласында жеке өз кабинетін ашу жайлы арманын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Кабинетті жаңа құрал-жабдықтармен жабдықтау үшін несие қажет.

Ал ісін енді бастаған кәсіпкер үшін маңызды шарттардың бірі – арзан несие. Максим Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласты. КҚКО кеңесшісі Иван Дворников ең жақсы шешімді ұсынды. Ол - «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» еді.
Иван кәсіпкерге қаржы алу үшін бизнес-жоспар жасауға және тізімдегі толық құжаттарды жинауда көмектесті. КҚКО Максимді жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, ісін ашуды жоспарлаған жас кәсіпкерлерге арналған қашықтан оқу бағдарламасын ұсынды.
Жобаны АО «Нурбанк» қолдап, кәсіпкерге жылына 6% мөлшерлемемен 7 000 000 теңге сомасында несие берді. Сонымен бірге кепіл мүлкінің жетіспеушілігіне байланысты, «Даму» Қоры Максимге 1 млн теңге көлемінде кепілдік ұсынды. Енді кәсіпкер арнайы құрал-жабдықты сатып алып, облыс тұрғындарына сапалы медициналық көмек ұсына алады.
