Мазмұнға өту

Жаңа

Бұлақ

Шың басынан құлдырап, Құлап аққан тас бұлақ. Әлденені былдырап, Айтатындай тұр құлақ. Әй, балалар, балалар, Тентекке не шара бар? Суымды тұнық лайлап, Мәз боп санын сабалар. Лақтырып небір қоқысты, Жағамды сол қоқытты. Арнама әкеп төгеді, Күл қоқысты, боқтықты. Әй, балалар, тентектер, Басып қансаң шөліңді, Ластамаңдар төрімді! Өтінемін сендерден!- Деп тұрғандай көрінді.

Сүлеймен Баязитов

3
0
466

Құмған алған...

Суға барған,

Сұлуымды сағындым.

Сырғаланған,

Қуған арман.

Құлынымды сағындым.

Түйнектер мен

Жидек терген,

Нуларымды сағындым.

Үйректермен

Иректелген,

Суларымды сағындым.

Тынып тіптен,

Түлік біткен,

Жусағанын сағындым.

Жиі беттен

Сүйіп өткен,

Қыр самалын сағындым.

Безінбейтін,

Сезінбейтін

Аңғал кезді сағындым.

Өзім дейтін,

Сезім дейтін -

Жанған көзді сағындым.

1
0
637

Головкин «Бокс аңызына» айналды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) "Жыл боксшысы" номинациясында "Бокс аңызы" сыйлығын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ресейдің Сочи қаласында 1-4 ақпан аралығында Халықаралық бокс форумы өтуде. Ең алғаш рет осы жиында бокстың ең беделді ұйымдары жиналды. Осы жиынға қатысатын қазақстандықтар туралы айтатын болсақ, Головкин кәсіпқой бокс атынан сөз сөйлесе, Бақтияр Артаев пен Бақыт Сәрсекпаев сияқты Олимпиада жеңімпаздары да осы жиынға шақырту алған.Сочидегі халықаралық бокс форумында салтанатты тұрде сыйлықты табыстау рәсімі өтті. Қазақстандық боксшыға сыйлықты WBC президенті Маурисио Сулейман табыстады."Жыл адамы" болып Франко Фальчинелли танылды, ол бұрындары Халықаралық әуесқой бокс ассоц…

0
0
584

Сағындым

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. «Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым. Жатқан үйім – қабырғасы қара тас, Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас, Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке, Ерте - кеш те, күндіз - түні арылмас. Тапал, салқын, тым қараңғы үңгір тар, Есігімде мықты қара құлып бар. Кіп - кішкене терезелер темірлі, Мұндай үйден кімге естілер ащы зар! Алтын Күнді, қара жерді сағындым, Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым. Асау тайдай еркелетіп өсірген, Ағайынды, туған елді сағындым. Әлдеқайда Күн шығады, батады, Сорлы тұтқын күңіреніп жатады. Қарар болсаң терезеден темірлі, Көздеп тұрған күзетшілер атады. Ас бола ма сасық сорпа, қара нан? Алма бетте қалмады ғой тамшы қан. Қоңырау қағып оятады ақырып, Тым болмаса сібірлеп те атпай таң…

0
0
1097

Хрущевті тақырға отырғызған

Сәмен өзіне әлдекім сыйға тартқан кітапты қолына алып, самарқау көз салып отыр. Кенет көзі «Хрущевті тақырға отырғызған» деген тақырыпқа түсе кеткені. Сол кезде мұның: «Хрущеві кім? Аты әлемге әйгілі «жүгеріші» Хрущев пе, жоқ әлде екі ауылдың бірінде арақтан басы артылмай жүрген ішкіштердің бірі ме?»- деген ой иектеген. «КСРО президенті...» деген жолдарды оқығанда, мұның ауылдағы арақ кешке зәредейде қатысы жоқ екенін әңгіме «жүгерші» Хрущев туралы екеніне шүбәсі қалмады. Рас, арагідік әлдекімдердің естелігінде аты аталып қалғаны болмаса, қазақ әдебиетінде әзірше Хрущев туралы қалам тартушы жоқтың қасы. Әңгіме авторы сол кемшіліктің орнын толтырмақ болды ма екен? Тек КСРО –да Хрущев ел басқарған жылдарда президент деген атымен болмағанын ел тарихын білмейтін бұл не қылған журналист? Әлде…

0
0
724

Аурудан - аяған күштірек

Ойбайлап жылап жатқан баланы көрiп шошынғаннан шешесi есiнен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейiт жыламақ түгiл, сынған аяғын орнына салып таңып жат-қанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кiсi:

– Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? – деп сұрады.

Сейiт шешесi шығып кеткен соң, демiн алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейдi:

– Ауырмақ түгiл, жаным көзiме көрiнiп тұр, бiрақ менiң жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесiн деп, шыдап жатырмын, – дедi.

0
0
1830

2018 жылдың Рамазан айы

Бір ай көлемінде мұсылмандар ішімдік ішу, тамақтану, темекі шегу және басқа да жағымсыз заттардан бас тартады. Ислам күнтізбесі ай туылғанда басталады, және әр жылда әр түрлі айға келеді. 2018 жылы Рамазан 16 мамыр мен 15 маусым аралығында өтеді. Әртүрлі мемлекеттерде оларды анықтаудың әдісіне қарай кесте әртүрлі болуы мүмкін.Рамаданда ораза ұстауРамазан айында тыйым салынады:· сұйықтық пен тағамның күнделікті тұтыну;· Темекі шегу, оның ішінде кальян және басқа да қоспалар ала есептегенде;· жыныстық қатынасқа түсу.Келесі әрекеттерге рұқсат етіледі:· сұйық және азық-түлікті байқамай тұтыну;· инъекция салу, қан тапсыру;· ауыз қуысына кірмейтін болса, жуыну және тіс тазалау;· сүю;· ауызға түспеген сілекейді жұту;· еріксіз құсу.Шектеулердің мағынасы - Аллаһқа адалдықты көрсету, теріс тұлғалық…

0
0
1904

Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға қайтып оралатыны туралы хабарлады

Белгілі қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембаев өзінің Facebook парақшасында Қазақстанға қайтып келетіні туралы хабарлады.

«Қазір Мәскеудемін. Маған менің және менің отбасымның қауіпсіздігіне жоғары деңгейде кепілдік берді! Өмір жалғасуда! Біз көп нәрсе істейміз! Адамдарға түсіністік пен ақыл-оймен қарайтын «жоғарыдағы» адамдарға рахмет! Көмектескендердің бәріне рахмет, және олар көп болды! Достарым мен оқырмандарыма, жағдайыма қызығушылық пен қолдау үшін алғыс айтамыз! Қазақстанда кездескенше!»,- деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 10-қаңтарда Facebook-та Марғұлан Сейсембаев Қазақстаннан қоныс аудару туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын. Кәсіпкердің айтуынша, ол бұл шешімге оны сұрақ-жауаптарға шақыра берген соң келген.

��,l�%

0
0
432

Ninety one: Той бизнеске қатыспай қалай музыкада пайда табуға болады

Топ 2014 жылдан бастап ORDA Brothers компаниясы ұйымдастырған K-Top Idols жобасының негізінде жиналды. Жоба жеңімпаздары Азамат Зенкаев (A. Z.) және Дулат Мұхаметқалиев (Zaq) бірінші болып Ninety one қатарына қосылды. Содан кейін кастинг арқылы оларға Батырхан Маликов (Alem) және Данияр Кулумшин (Bala) қосылды. Азамат Ашмакын (Ace) Оңтүстік Кореядағы SM-Entertainment-да машықтанудан кейін топтың мүшесі болды. Жігіттер тек ән айтып, рэп оқып, би билеп қана қоймай, әндерін және сол әндердің музыкаларын жазады.Ninety One Q-pop (Qazaq-pop) жаңа музыкалық жанрының негізін қалаушы болып табылады - K-pop (Korean-pop) сәніне ұқсас. Еркін және тәуелсіз ән айту, киіну үлгісін таңдаған олар өнерлерінің басында сырт келбеттері үшін өткір сынға ұшырады. Осыған қарамастан, олар өз стилін сақтай отырып,…

5
0
1112

Абайдың қара сөздері. Жиырма алтыншы қара сөзі

Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе,күреске түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ - шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?Жүйрік ат - кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе…

0
0
596