Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Головкин «Бокс аңызына» айналды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) "Жыл боксшысы" номинациясында "Бокс аңызы" сыйлығын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейдің Сочи қаласында 1-4 ақпан аралығында Халықаралық бокс форумы өтуде. Ең алғаш рет осы жиында бокстың ең беделді ұйымдары жиналды. Осы жиынға қатысатын қазақстандықтар туралы айтатын болсақ, Головкин кәсіпқой бокс атынан сөз сөйлесе, Бақтияр Артаев пен Бақыт Сәрсекпаев сияқты Олимпиада жеңімпаздары да осы жиынға шақырту алған.

Сочидегі халықаралық бокс форумында салтанатты тұрде сыйлықты табыстау рәсімі өтті. Қазақстандық боксшыға сыйлықты WBC президенті Маурисио Сулейман табыстады.

"Жыл адамы" болып Франко Фальчинелли танылды, ол бұрындары Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының (AIBA) төраға қызметін орындаушы болып қызмет еткен. "Жыл оқиғасы" - Ресей бокс федерациясы 22 шілдеде Ресейлік бокс күні шарасын Мәскеудегі Қызыл алаңда өткізуі.

"Жыл жекпе-жегі - қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы кездесу. Техника тұрғысынан ең мықты боксшы - венесуэлалық Хорхе Линарес. Жыл жобасы - Бүкіләлемдік бокс суперсериясы (WBSS), "Аңыз" номинациясында - КСРО құрамында өнер көрсеткен олимпиада Ойындарының екі дүркін чемпионы Борис Лагутин.

0
0
531

Осы тақырып бойынша