Футбол – жер шарындағы ең танымал ойын, Алматы мешіттерінің жамағаттары арасында футболдан алғаш рет турнир ұйымдастырылды. Дәстүр бойынша ол «Асыл мұра» жобасы аясында
Лига үш кезеңнен тұрды: оңтүстік астанадағы әрбір мешіт арасында ішкі іріктеу кезеңі, одан кейін аудандық іріктеу және ең соңында қалалық.
Финал 11 қарашада «Жарыс Арена» футбол алаңдарында өтті. Жарқын, шабуылдаушы ойын мәнерін көрсеткен «Ыбырай Мешіті» командасы турнирдің алғашқы жеңімпазы атанды. Оған бас жүлде – 1 миллион теңгені ұйымдастырушылар – «Nomad Leader» ЖШС спортсүйер қауымы табыс етті. Футбол фестивалінің тапсырысшысы - осы аса маңызды салада жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасы болды.
Турнир барысында дәстүр бойынша теологтар ойыншылар мен жанкүйерлерге қазақ халқының мызғымас құндылықтары мен салт-дәстүрлерін, Ханафи мазһабының мәні мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты, және оның негізгі қағидаттары - барлық сенім тармақтарының теңшілігі мен өзара құрмет болып табылатынын түсіндірді.
10 қараша күні оңтүстік астананың орталық мешітінде жамағат пен мешіт қызметкерлері арасында 2023 жылғы Спартакиада өтті. Ол қаладағы исламдық мекемелердің мәдени, спорттық және бұқаралық шаралары мен «Асыл мұра» жобасы аясында
Дәстүр бойынша ұлттық спорт түрлерінен – «Асық ату», қол күресі, қошқар көтеру, гір көтеру, арқан тарту және «Қазақ шахматы» – тоғыз құмалақ бойынша турнирлер өткізілді.
Ұйымдастырушылар – «Nomad Leader» ЖШС спортшыл жігіттері жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар – діни және спорттық керек-жарақтарды, ал көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Спорт мерекесіне тапсырыс беруші – Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасы.
Сондай-ақ турнир барысында дін саласының мамандары қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын, Ханафи мазһабының негіздерін және дін саласындағы мемлекеттік саясатты, оның барлық конфессиялардың теңдігі мен өзара сыйластыққа негізделгенін қауымға нақты түсіндірді.
Көрермендерге, әсіресе, балаларға ашық ауада жақсы демалу үшін барлық жағдай жасалған. Өздеріңіз білетіндей, балаларымызды өз елінің патриоты етудің ең жақсы жолы – ересектердің өздерінің республиканың нағыз азаматы болуы.
Жексенбі күні Алматыда «Қазақ күресінен» ерекше турнир өтті - онда 75 келіге дейінгі және 75 келіден астам салмақ дәрежесінде мешіт қызметкерлері мен жамағат арасында күш пен ептілік сыналды
Турнир оңтүстік астанадағы мешіт жамағаты арасындағы мәдени-спорттық-бұқаралық іс-шаралар және «Асыл мұра» жобасы аясында өтті. Жарқын спорттық көріністі Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Nomad Leader» ЖШС азаматтық белсенділері ұйымдастырды.
Көрермендер арқа мен жамбас арқылы әсерлі лақтыруларды тамашалаумен қатар, отандастарымызға қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын, Ханафи мазһабының негіздерін және мемлекеттік саясаттың дін саласындағы негізгі қағидаттарын нақты түсіндіріп берген дінтанушылармен тілдесе алды. Ал бұл, ең алдымен, зайырлы мінез және дінге деген дұрыс көзқарас.
Жарыс жеңімпаздары көрермендердің қошеметіне қоса, қаржылай сыйланды: чемпиондар 250 мың теңгеден, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше 150 және 100 мың теңгеден сыйақы алды.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда күн сайын 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Расымен де, бүгінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Ол дұрыс емес. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.
Зорлық-зомбылық – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына әсер етіп (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу, тағы басқалары.
«Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына өзіндік ықпал ететіндігін көрсетеді. Өкінішке қарай, түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күнде айқай-шу болатын үйде зорлық-зомбылықтың болатыны белгілі. «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес.
Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетіндер – әйелдер мен жас балалар. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентайларға және әйелдерге зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Дөрекілік, балаға күш көрсету, олардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықты, сайып келгенде қылмысты тудырады. Ол өз-өзіне қол жұмсауға алып келуі мүмкін.
Осы ретте, күні кеше Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Social project management орталығы“Аяулы жан” жобасы бойынша “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі өзекті мәселелер” тақырында конференция өткізген болатын.
Шараға Алматы қаласынында білім ашып жатқан колледж студенттер қатысты. Қатысушылар түрлі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өз ойларын ашық айтып, сұрақтар қою арқылы белсенділік танытты.
Шара барысында түрлі сала мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа аып келетін мәселелер төңірігенде ой өрбітті. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылық, ата-анамен баланың ашық сөйлесуі, адамның жеке құқықтары сияқты да мәселелер кеңінен талқыланды.
Әдеттегідей мәселе тек қана айтылып қана қоймай, мәселені шешу жолы ретәнде тәжірибелі заңгерлер тарапынан әйелдерді қорғайтын қор ашу туралы ұсыныс айтылды.
P.S. Қоғамда өмір сүріп отырған әрбір азамат зорлық-зомбылыққа жол бермеу керек. Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Сөз соңында, өз-өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз дегім келеді.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастарды еңбекке баулу, еңбекті насихаттау, жастардың бойында азаматтық ұстанымды қалыптастыру, жастарды қоғамдық өмірге тартуға бағытталған «Сенім қадамы» жобасы аясында волейболдан турнир өтті.
10 команда бақ сынасқан сайыс 25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылды.
Турнирге әр саланың үздіктерінен құралған «Бал Текстиль», «GraMad», «Сақ», «AFC суши», «Жедел-жәрдем», «Еңбекші КММ», «Апалон», «ТОО Ахсум», «Халық банк», «Jusan Bank» командалары қатысты.
Турнирдің ережесі бойынша әр командада ерлер мен әйелдер аралас ойнады.
Турнир қорытындысы бойынша үздік ойын өрнегін көрсете білген командалар????
«HALYK BANK»
ТОО «АХСУМ»
«AFС sushi»
Турнирге қатысқан барша қатысушыларға Алғыс білдіреміз????
Ерекше күтімді қажет ететін балаларды қарау - аса жауапты іс. Оларды аналары үйде жалғыз қалдыра алмайды. Ал бала күтушісін жалдауға кез келген ата-ананың қалтасы көтере бермейді.
Осы ретте, "Мамапро" ұйымы ерекше баласы бар аналарға арнап кәсіпкерлік бағыт бойынша және компьютерлік сауаттылық жөнінде курстар өткізеді. "КMF Demeu" компаниясының қолдау көрсетуінің арұасында бірнеше ерекше баласы бар ана аталған ұйымнан білім алып шықты. Жақында біз қазақ бөлімі 3 ағымның бітіру кешінің құрметті қонағы болып, бірнеше анамен сұхбаттасқан болатынбыз.
Заң бойынша мұндай балалардың анасына еңбек құқығы беріле бермейді. Соның әсерінен олар білімін, білігін жетілдіре, қолдана алмай қалады және ақша табуы қиындай түседі. Қоғам өмірінен алшақтап кететіні белгілі.
Мама про жобасының Алматы қаласы бойынша директоры Алена Ким
"Жобаның мақсаты — ерекше балалардың анасына жұмыс табуға жәрдемдесумен бірге оған кәсіп жүргізуге қажет дағдыларды қалыптастыру. Аналар мұнда психологиялық қолдау және кәсіп жүргізу негіздері бойынша сабақ алады", - дейді.
Мама про жобасының қазақ тобы бойынша директоры Айгерим Избасарова
Бүгінде елімізде ерекше күтімді қажет ететін баласы бар аналар жетерлік. Бірақ, олардың барлығы бірдей психологқа бара бермейді. Олар мәселесін жалғыз өзі шеше алмауы да мүмкін. Міне, «Мама Про» — осындай қиын жағдайда жүрген аналар үшін таптырмас мүмкіндік. Болашақта осы тәрізді игі бастамалардың қатары толыға берсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл топ біздің тарихымызда ең ерекше топ ретінде есте қалмақ. Бізге келген әрбір ана ерекше. Сондықтан, сіздерге алғысым шексіз. Аналар армандасын, мақсат қойсын және ең бастысы, әрекет етсін. Алла оларға және балаларына зор денсаулық берсін!", - деді өз сөзінде.
Қамбарова Фариза
Жоспарымды ұзақ уақыт бойы жүзеге асыра алмадым. Сөйтіп жүргенде Instagram желісінен «Мама Про» жобасы жайында естідім. Ол кезде балаларыма қарап, үйде жұмыссыз отырған едім. Курста ерекше күтімді қажет ететін балалардың анасына барынша қолдау көрсететіні, оның үстіне тегін оқытатыны қатты ұнады. Сондықтан көп ойланбастан жобаға қатысамын деп шештім.
Тулемисова Сәнім
«Орталыққа баламмен бірге барып жүрдім. Іші өте ыңғайлы, барлық жағдай жасалған. Ең қолайлысы — бір бөлмеде аналар жұмыс істесе, екіншісінде балалар ойнап отырады. Осыдан кейін баламды бұрынғыдай кімге қалдырамын деп уайымдамайтын болдым.
Гульназ Сарсенбаева
«Мама Проға» келгенге дейін арман-мақсатымды іске асырудың жолын таппай жүрдім. Ал бұл жоба маған оңтайлы әдіс-тәсілін үйретіп, жаңа мүмкіндік сыйлады. Бар болғаны екі ай ішінде көп нәрсені меңгердік. Сұранысқа ие бухгалтерлік есеп, копирайтинг, жобаларды презентациялау тәрізді салалар бойынша сабақ алдық. Табысты кәсіпкерлер тәжірибелерін бөлісті. Жоба басшылары да бізге позитив көңіл-күй сыйлап, қолдау көрсете білді.
Бизнес-жоспарды қалай құру керегін де білмеген едім. Көп уақыт бойы ойша жоспарлап, армандап қана жүрдім. Алайда алған бетімнен қайтпайтын қасиетімнің арқасында арманым ақиқатқа айналды. Қазір менің үлкен түрлі шай үрлерін сататын дүкенім бар.
Күні кеше ғана Республика күніне орай Алматы төрінде орналасқан Қазақ мемлекеттік циркінде елімізге белгілі цирк артисі Кәрім Мұтырғановтың бенефисі өтті.
Бүгінде 70 жасқа толып отырған цирк өнерінің жарық жұлдызы өмірінің жарты ғасырын цирк өнеріне арнағаны көпшілікке белгілі. Кәрім Мұтырғанов елімізде 30-дан астам мемлекетте танытып жүрген талантты өнер иесі.
Көпшілікке белгілі соңғы 10 жылда Кәрім Мұтырғанов цирк аренасына шықпаған болатын. Сондықтан еліміздегі ең танымал цирк әулетінің негізін қалаушы, режиссер, ұстаз, «Мутурганчики» триосының продюсері Кәрім Мұтырғанов мерейлі күн болды.
— Әкем үшін Алматы циркі өзінің екінші үйі іспетті. Ол өнердегі жолын дәл осы ордада бастаған. Кәрім Мұтырғанов бенефисінде бүкіл әлем көрермендеріне ұнаған ең жақсы репризалары мен ерекше нөмірлерін көрсететін болады. Сондай-ақ шоуға еліміздің әр түрлі қалаларының артистері мен Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері қатысады. Ал бұл өз кезегінде жас мамандардың цирк биігінде жұлдыздай жарқырауына жол ашады деп білемін, — дейді белгілі цирк маманы және бенефис иесінің ұлы Мұрат Мұтырғанов.
Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мұтырғановтың ұлы Мұрат Мұтырғанов "Рекордтар кітабына" еніп, "Әлемдегі ең жас клоун" дәрежесін иеленген.
Мұрат Мұтырғанов
Цирк - бұл ғажайып әлем. Мен алты жасымда еңбек кітапшамды алып, қызмет жолымды әкеммен бірге соло-клоуннан бастадым. Әкем кішкентай кезінен әртіс болсам деп армандайды екен, менің де балам циркте болмаса да, өнер және мәдениет саласында жұмыс істесе деп армандаймын.
Мұрат Мұтырғанов 1990 жылы Веронеде өткен цирк өнерінің балалар фестивалінде әлемнің ең жас клоуны атанған болатын. Оның аты «ДИВО» рекордтар кітабына енгізілген. АҚШ - та клоуындық даңқ мұражайында «MURATIK» деген атпен плита ашылды, оның нөмірі 411.
Жақында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі республика күніне орай журналистерге арнап форум ұйымдастырды. Форум аясында медиа саласының өкілдері үшін арнайы дайындалған ақпарат беріліп, мамандар өзара пікір алмасты. Атап айтқанда, аймақтық пабликтерді жүргізудің негізгі проблемалары мен қиындықтары туралы «Давай сходим» паблигінің Алматы филиалындағы бс редакторы Камилла Бояубаева айтты. «Orda.kz» телеграмм-каналының редакторы Илья Ролдугиннің дайындап келген тақырыбы да журналистер үшін танымдық әрі өзекті болды, ол «Қазақша СММ немесе әлеуметтік желілердің жаңа шындығы» блогында өз тәжірибесімен бөлісті.
Форум аясында «Авторлық құқық және плагиат» мәселелері, деректі фильм түсіру, журналистердің құқықтары т.б. мәселелер қарастырылды. Қазақстан АИС ЖШС заң компаниясының директоры, Қазақстандағы, Қырғызстандағы «Apple» компаниясының зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері жөніндегі өкілі Әсет Блиев бұл тақырыпта журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді. Тақырыпты белгілі блогер, фототілші Дмитрий Доценко жалғады. Ол «Фототроллингтің» не екенін және медиа-бизнеске қандай қауіп түсіндіріп берді. Соңында тележурналист Ирина Грибковская әріптестерімен деректі фильм жанрының қыр-сырымен бөлісті. Ирина деректі фильмді қызықты етудің құпиялары туралы айтып, практикалық кеңестер берді. Шара барысында сарапшылар мен бірқатар журналистерге түрлі номинациялар мен арнайы естелік сыйлықтар берілді.
Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығы КММ-де Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Адаспа» атты театрландырылған көрсетілім өтті.
Іс-шараға жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 250-ден аса жастар қатысты.
Көрсетілімде жастар террористік қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың, радикалды көріністерге қарсы күресті көрсетті. Сонымен қатар діни экстремизмді тудыратын себептер мен жағдайлар, радикалды топтардан туындайтын қауіптер, экстремистік идеология мен оның қозғаушы күштерінің қауіптілігі көрсетілді.
В общем, этой части тела казахи, как и славяне, незаслуженно придавали сакральное значение. Конечно, для девушек - совсем другое дело. А скажем, для англосаксов важнее друга орган, поэтому они часть говорят - Fuck
Автор лучшего учебника по изучения казахского языка «Ситуативный казахский», известный блогер Канат Тасибеков https://www.facebook.com/kanat.tassibekovобладает большим чувством юмора.
«Как-то я написал пост про КӨТ, который набрал огромное количество лайков и комментов. Все я пока обработать не успел) (уж очень тема обширная), но кое-что есть:
1 Ақ көт, қара көт, суға түскенде мәлім (тогда-то и увидим)
2 Ас ішерде, көт тышарда керек (дорога ложка к обеду)
3 Атым көтімді, көтім атымды жақтырмайды (у нас взаимная неприязнь)
4 Бай болу үшін көт керек (быть богачем тоже не просто)
5 Бас істемесе, көт жәрдем бермейді (если человек дурак - помочь ему невозможно)
6 Басыңнан көтің ассын! (вольному воля - как хочешь)
7 Бәлелі көтке саусағыңды тықпа, тырнақсыз қаласың (не лезь куда не просят)
8 Біреудің көтін ашу (разоблачить кого-либо)
9 Біреудің көтін іскеп жүру (быть последним)
10 Бұралқы сөз бұтыма, көлденең сөз көтіме (плевал я на то, что обо мне говорят)
11 Ел не демейді, менің көтім шөп жемейді (да пусть говорят, мне все равно)
12 Емшек берген ары жат, көт берген бері жат (когда жена становится дороже матери)
13 Есектің көтін жу да, мал тап (любой труд почетен)
14 Жаман көтім ашыды (сильно опозорился)
15 Иттің көтіне (псу под хвост))
16 Көзім көрмесе, көтімді бөрі жесін (собственными глазами видел, голову на осечение даю)
17 Көңіл сыйса, көт де сыяды (в тесноте да не в обиде)
18 Көңілсізден көтсіз туады (от угнетаемой невестки слабый ребенок родится)
19 Көп күлген көттің соры! (кто много смеется в итоге пострадает)
20 Көпір басында көт соғысқан (шапочный знакомый)
21 Көптің бірі, көттің кірі (сам он никто и имя ему никак)
22 Көргенді көттеген жеңеді (дурак в споре всегда побеждает умного)