Головкиннің 2018 жылғы келесі қарсыласы анықталды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің «Канеломен» кездесуі ойдағыдай өткен жағдайда, оның негізгі мақсаты WBO орташа салмағы бойынша әлем чемпионы британдық Билл Джо Саундерс болады, деп хабарлайды Sports.kz.
Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, 5- мамырда өтетін екінші кездесуден кейін Сауль Альвареспен үшінші кездесу туралы келіссөздер әлі жүргізілген жоқ.
«Үшінші кездесу екі жақтан да талқыланбаған нәрсе. Эрик Гомес пен мен екінші кездесу туралы ғана келістік. Үшінші кездесуге қатысты келіссөздер мағынасы болмады. Біз үшінші мәрте кездесудің мағынасы бар-жоғын, екінші кездесуде жеңген боксшы шешсін деген тұжырымға келдік. Егер трилогияның үшінші бөлігі болса, онда оны дереу ұйымдастырмаймыз. Егер Головкин жеңіске жетсе, онда келесі қарсылас Билли Джо Саундерс болады», - делінген Леффлердің сөздерін Boxingscene.com порталы келтірген.
