Мазмұнға өту

Жаңа

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Өстіп жүрген кездерде Жәнібекпен жолықты. Иә, сол баяғы ұлы тұлғалардай болсын деп, атын ырымдап қойған Жәнібек. Жамалды ағасының үйіне тегін жеткізіп тастаған жігіт. Онда да жолығысып қалған жоқ. Жамалды әдейі іздеп келіпті. Нұрбол ауылдан шықпаған жігіт, Шер өзін қанша ересек ұстағанымен балалығынан толық арылмаған студент. Ішіп алған кездерінде: "өмірге "реально" қарау керек", – дейтіні болмаса, өзі де романтиканың ауылынан алыс емес. Ал Жәнібек болған, толған жігіт. Сөзі де, ісі де нық. Оқуын бітірген, жұмысына тұрған. Қалада үйі бар. Әкесі мен шешесінің жалғыз ұлы екен. Енді сол әкесі мен шешесін көшіріп алуды жоспарлап жүрген көрінеді. Ол үшін... Жамалдың да оған деген көзқарасы түзу. Екеуі жиі болмаса да, ара-тұра кезігіп тұрды. Бастапқыда жеке кездесіп, оңашалау кафелерде отыратын…

0
0
5983

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Алматының өзіне ғана жарасатын сұлу да сүреңсіз қысы. Сұлу болатыны ақ ұлпа қар басқан бақтар сондай әдемі. Әсіресе алыстан манаурап тұратын Алатау қандай көрікті. Ал сүреңсіз болатыны – көліктердің көптігінен көшелердің бойына жауған тап-таза қарлар көп ұзамай кірлеп кететін. Дүниеде әппақ дүниенің кірлегені қандай жаман. Түтін басқан қала күреңітіп тұратын.Осындай күндердің бірінде Жамал ақын жігітпен танысты. Жамалмен бірге тұратын қызға ұлттық университеттің филология факультетінен бір жігіт келіп жүретін. Мына ақын сол досымен еріп келіп, Жамалмен танысып қалған. Содан бері келгіштейтінді шығарды. Басында досымен бірге келіп, Жамалды да шақыртып алатын. Төртеуі қыдырыстап жүретін. Кейіннен жалғыз келетінді шығарды. Аты – Шернияз екен. Бірақ, достарының бәрі Шер дейтін көрінеді. Шер д…

0
0
2557

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

- Осы заманда да Жамал деген қыз болады екен ә?- Болмайтындай несі бар?- Білмеймін. Өзім Жамал деген екі кісіні білемін. Біреуі тоқсанда, екіншісі жетпісте ғой деймін.- ...- Менің атым – Жәнібек.- Менің есіміме күлгеніңізге жол болсын. Өзіңіздің де атыңыз жетісіп тұрмаған екен ғой.- Неге? Жаман ба?- Жаман емес. Сіз білетін Жамалдар кәрі де болса осы өмірде бар екен ғой. Ал, мен білетін Жәнібектер тарих беттерінде ғана бар.- Әз Жәнібек хан мен Шақшақ Жәнібекті айтып отырсыз ба?- Иә. Және Кәрменов деген Жәнібек ағаңыз тағы болған.- Иә, әйгілі әнші ғой.- Әнші ғана емес.- Жазушы.- Дәл солай.- Менің атымды сол ұлы тұлғалардай болсын деп ырымдап қойған.- Менің атымды бақытты болсын деп ырымдап қойған.- Ырымдайтын емес, біз білетін Жамал бақытсыз еді ғой.- Әкемнің өзі ғана білетін бір бақытты Жа…

0
1
1604

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Бұның атын Жамал деп әкесі Жомарт қойған. Кез келген перзентке ат қойғанда бір нәрсеге байланыстырып қояды емес пе? Бұның атын не үшін Жамал деп қойғаны белгісіз. Әкесінің бір білгені бар шығар. Оны сұрамаған да екен. Осы менің атым жақсы ма, жаман ба деген сұрақтар да мазалаған емес. Кейін мектепке барғанда ғана азан шақырылып қойған атының сәл "нашарлау" екенін сезген. Өйткені бірге оқитын бұзақы баланың бірде "Сенің атың кемпірлердің аты сияқты", – деп мұқатқаны бар еді. Сол күні бұл үйге жылап келген. Ең құрымаса бір әрібін ғана өзгертіп, "Ж" әрібінің орнына "С" әрібін қойып, "Самал" дей салса да болар еді ғой", – деп ойлаған да еді. Бірақ артынша өз есімін ақтап алатын. Рас, көбінше жасы келген кейуаналарда, апаларда, әжелерде кездеседі. Бірақ сол кісілердің бәрі қартайған шағында ас…

0
0
3281

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

Сол күні, сол сәтте, сол бір жігіт Сейфуллин көшесімен құлдилап келіп, Гоголь көшесімен солға қарай бұрылмағанда, бұның бірі де болмас па еді?. Тағдыр дегенді қойсаңшы.Күздің қоңыр салқын күндерінің арты ызғырыққа айнала бастаған шақ еді. Жаз дегенің жақсы екен ғой. Әсіресе аш-жалаңаш кедейлер үшін қолайлы мезгіл. Бұрынғылардың "өлмеген құлға келді жаз" дейтіні де сол болса керек. Күздің алғашқы күндері жаз секілді жайма-шуақ еді. Оқу корпусы мен жатақхана арасында жеңіл киіммен жүре беруге болатын. Алматының ауа-райына сеніп болмайсың, міне, бір-ақ күнде қар түсіп, қамданып үлгермегендерді қалтыратып-ақ жіберді. Сол қалтырағандардың бірі Жамал еді. Осы айдың соңына жетсем, шәкіртақыма ең әуелі сырт киім аламын деп жүрген. Жамалды күтіп отыратын күз бе екен, ай ортасына жетпестен ақ ұлпа…

Малала Юсуфова жайлы біз не білеміз?

Малала Юсуфова жайлы біз не білеміз?Малала Юсуфзай (1997-) – пәкістандық оқушы, қыз балалардың білім алу құқығы үшін күрескер. Құқық қорғау қызметтері мен талибтердің іс-әрекеттерін сынағаны үшін Талибан қарулы күштерінің қарсылығына ұшыраған. Көптеген әлемдік марапаттардың иегері, 2013 жылғы Нобель сыйлығына ұсынылған ең жас лауреат. Өмірінің ерте шақтарыМалала 1997 жылы 12 шілдеде Мингор қаласы, Сват ауданы, Пәкістанның солтүстік-батысында сүннит-мұсылман отбасында дүниеге келген. Жергілкті мектеп директоры болған Малаланың әкесі, Зияуддин Юсуфай, қыз балалардың білім алуы қажет деген Пәкістан қоғамында радикалды әрі, кейінгі оқиғалар көрсеткендей, өмірге қауіп төндіретін көзқарасты ұстанып, әрдайым қызының білім алуға деген құлшынысын қолдап отырған. Пәкістанда болып жатқан террор акті…

0
0
1931

Ормандағы оқиға

Көргендер де, Көрмеген де арманда, Ертеде бір той бопты, ұлым, орманда. Қоқиқаз да, қарақұс та, қыран да, Қара аю да, күшіген де, жылан да, Қырғауыл да, қосаяқ та, зорман да, Бас қосыпты сол маңда. Қоян кепті қос құлағы ербеңдеп, Тасбақа да орын тепті төрден кеп. Сан орманның тамашасын тауысқан Ән шырқады ала қанат сауысқан. Жапалақ та ән шырқады толғана, Кезек әзер жеткен кезде қарғаға, Маңдайына алақанын жастана, Тыңдаушылар қалғып кетті, масқара. Қоян айтты: - Қалай болған күнде де, Ән кезегін ұсынған жөн Пілге де! Бір тыңдаушы айқай салды: - Немене? Өнер шіркін, қара күшке көне ме? Одан қайта Піл ағай Тауға барып тасымай ма бөрене? Бірақ жұрттың елең қылмай бұл сынын, Піл ән салды бұлғаңдатып тұмсығын. Тумады-ау деп ой сергітер байтақ ән, Қалың қауым қалғып кетті қайтадан. Осы сәтте Б…

0
0
773

Абайдың қара сөздері. Бірінші қара сөз

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ. Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылы…

0
0
3748

Абайдың қара сөздері. Екінші қара сөз

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс»Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бар депті» деп. Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен…

0
0
5419

Ерболат Димашты ешқашан тойға шақырмайтынын айтты

Ел көзінен тасаланған Ерболат Құдайберген бүгінгі қазақ эстрадасына қатысты пікір білдірді. Ол қазақтың атын әлемге танытқан Димаш Құдайбергенді ерекше дауыс иесіне теңеді деп хабарлайды «Сөккен әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Димаштың дауысы, орындау шеберлігі дәстүрлі емес. Бірақ, ол біздің атағымызды әлемге шығарып жүр. Негізі табиғат бойынша, еркек адам шиқылдамайды. Еркектің дауысы тенор болады. Ал Димаштыкі сопрано. Ол екі-үш ғасырда бір туылады», - деді.

Сондай-ақ, ол Димаш Құдайбергенді қанша жерден сыйлағанымен, ешқашан тойына шақырмайтынын да жеткізді.

0
0
292