Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Бақытты Жамал (Шағын хикаят)

- Осы заманда да Жамал деген қыз болады екен ә?

- Болмайтындай несі бар?- Білмеймін. Өзім Жамал деген екі кісіні білемін. Біреуі тоқсанда, екіншісі жетпісте ғой деймін.- ...- Менің атым – Жәнібек.- Менің есіміме күлгеніңізге жол болсын. Өзіңіздің де атыңыз жетісіп тұрмаған екен ғой.- Неге? Жаман ба?- Жаман емес. Сіз білетін Жамалдар кәрі де болса осы өмірде бар екен ғой. Ал, мен білетін Жәнібектер тарих беттерінде ғана бар.- Әз Жәнібек хан мен Шақшақ Жәнібекті айтып отырсыз ба?- Иә. Және Кәрменов деген Жәнібек ағаңыз тағы болған.- Иә, әйгілі әнші ғой.- Әнші ғана емес.- Жазушы.- Дәл солай.- Менің атымды сол ұлы тұлғалардай болсын деп ырымдап қойған.- Менің атымды бақытты болсын деп ырымдап қойған.- Ырымдайтын емес, біз білетін Жамал бақытсыз еді ғой.- Әкемнің өзі ғана білетін бір бақытты Жамал болған сияқты ғой.- Ол да мүмкін. Қызын мал үшін шалға беретін заман өтті ғой.- Келмеске кетсін деңіз.

Екеуінің әңгімелері осылай жарасып кетті. Жол бойы әрнәрсені әңгіме қылып, қыздың межелі жеріне қалай тез жеткендерін де білмей қалды. Қыз аялдамадан түсіп қалды. Жігіт үйіне дейін жеткізіп тастамақ болған, қыз қарсылық танытты.

- Ағам "бұл кім тағы?" десе, не деймін? Көлденең көк аттыға мінгесе кеттім деймін бе?

- Такси, – дей салыңыз.

- Өзім қарызға ақша алуға келіп тұрып, таксиден түсіп жатқаным адамның миына сыймайтын жағдай ғой. Рахмет.

Жігіт шынымен де жақсы адам екен. Бұл ойлағандай нөмірін сұрап, кафеге барайық, шай ішейік деген сынды басқалай ұсыныстар жасап, мазасын алған жоқ. Қазақтың қыздары мұздамай жүріңдер деп, бір ауыз сөз айтты да кете барды.

Жамал сол күні ағасының үйіне қонды. Кішкентай інісін өбектеп, бір жетісіп қалды. Адамның бойындағы аялау, әлпештеу, жақсы көру, мейірлену сияқты сезімдер сыртқа шығып тұрмаса, іші толып кетеді емес пе? Жамал әбден рақаттанды. Таңда ағасынан сырт киім алуға жетерлік ақша алып, қалаға қайтты.

Ақпарат көзі

0
1
1556

Осы тақырып бойынша