Перейти к содержимому
bexultan.kazybay

bexultan.kazybay

Сайтта 2018 ж. 19 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

5

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Құрметті "Қара"-домал-"Ақ" Қазақ Қауымы

Расизм - ағылшын акдемиялық сөздігінде - адамның өз рассасының өзгелерден жоғары тұрады деген сенімге негізделген өзге расса өкіліне бағытталған дискриминация не антогонизм. Бұл тарих парақтарына осы ұғымның кесірінен жапа шеккен әрі бұны бүгінде бастарынан өткеріп жатқан сан миллиондаған "өзге" халықтардың, этностар мен жанұялардың қандары, өмірлеріне деген қорқынышы, құқықтарының тапталуы мен ескерілмеуінің сиясымен басылған. Мен әдеттегідей жатақханада емтихан алды стресске қарсы шара ретінде американдық "Grey's Anatomy" телешоуын қарап отырған кезде қасыма досым келіп жайғасып "Осыларды түсінбеймін, негрлерді сериалдарына қоса беріп, не қылмақшы? Түрлері..." деп сөйлегенде қаншалықты шок әсерінде қалғанымды білсеңіздер ғой. Таң қалуымның себебі бар және ол бұл жатақхананың жай ғана ун…

0
0
455

Тырналар көші

Қайтадан көктемнің салқын самалы есіп, қыр-жотадағы қарлар шетінен тауға қарай көше бастады. Осы бір сәтте менің ойым қасымда тұрған Қанышта тұғын. Байғұс бала өткен жылы ақпанның аязында ата-анасынан айырылып, жетім қалған. Сол суық хабарды кіп-кішкентай 6 жасар, ойында ойыннан басқа мұңы жоқ балаға естірту маған бүйырып, амал не “Мама-папа қашан келеді?”, - дегенде, сасқанымнан аспанда тырулап келе жатқан көшті байқап қалып, “Анау құстарды көріп тұрсың ба? Сенің әке-шешең солармен аспанға сапар шегіп кетті” деп жауап қайырғанмын. Міне, сол кезден бастап Қаныштың көктем келе көкжиекке телміре қарап, сол көшті күтуді әдетке айландырған. Сондықтан болар көктемнің салқыны келсе құлағыма Тыру-тыру деген көк аспанды қақ жара ұшатын тырналар көшінің үні естіледі.

0
0
1001

Бұл жерде өліктер қайта өлмейді

Неге екені белгісіз Жүрсіннің қолы жып-жылы. Аппақ қар қара жердің лайымен баттасып, кешегі ызғардан мұздай болып қатып қалған. Ал Жүрсіннің қолы сол күйі жып-жылы… ***- Әй, бері келіңдер! Жаңа ғана піскен нан. Ып-ыстық. Бір тістесең қарның ашпайды. Иісі… Құдай-ау, Қатипаш, қойсаңшы, кешегі қатып қалған қамырыңды жұртқа ұсынбастан!- Немене? Қамыр емес, таза высшыыый сорттың ұнынан осы таңертең белімнің ауырғанына қарамастан…- Ойбай, көмектесіңдер, көмек бере көріңдер. Ішім-ай, вышәй сорт дей ма? Ойбай-ау, ішім-ай...“Дүйсенбінің базары күні осыларды Құдай қосып қалады екен”, - деп Жүрсін алдындағы өзінен екі есе үлкен арбаны бар күшімен қанша итерсе де, қараң кеткір арба орнынан қозғалар емес. Сол күйі күздің батпағына малынып бір орында қатып қалды. Жан перісіп, жан алысып жатқан мүшел жа…

0
0
491

Малала Юсуфова жайлы біз не білеміз?

Малала Юсуфова жайлы біз не білеміз?Малала Юсуфзай (1997-) – пәкістандық оқушы, қыз балалардың білім алу құқығы үшін күрескер. Құқық қорғау қызметтері мен талибтердің іс-әрекеттерін сынағаны үшін Талибан қарулы күштерінің қарсылығына ұшыраған. Көптеген әлемдік марапаттардың иегері, 2013 жылғы Нобель сыйлығына ұсынылған ең жас лауреат. Өмірінің ерте шақтарыМалала 1997 жылы 12 шілдеде Мингор қаласы, Сват ауданы, Пәкістанның солтүстік-батысында сүннит-мұсылман отбасында дүниеге келген. Жергілкті мектеп директоры болған Малаланың әкесі, Зияуддин Юсуфай, қыз балалардың білім алуы қажет деген Пәкістан қоғамында радикалды әрі, кейінгі оқиғалар көрсеткендей, өмірге қауіп төндіретін көзқарасты ұстанып, әрдайым қызының білім алуға деген құлшынысын қолдап отырған. Пәкістанда болып жатқан террор акті…

0
0
1859