Шымкент – баяғыдан мегополис! Бізге керегі мегополистік өркениет
Шымкент қаласында ерекше танымдық мәні бар «Шырайлы Шымкент: Береке басы – Бірлік» атты қоғамдық форум өтті. Қоғамдық форум мәртебесін көтерген бұл шара миллионды қала атанған Шымкентте алғаш рет өткізіліп отырғанына қарамай, көптеген қоғамдық мәселелерді көтерді. Қазақ қоғамының бетке ұстар зиялы тұлғаларын жинаған форумда қызғалдақты қала Қазақстандағы мегополис мәдениеті мен өркениеті, қазақ дүниетанымына қалалық мәдениет қалыптастыру мәселелерін тереңінен қаузады. Мегополистердің экономика мен мәдениетке әсері болашақта көтерер жүгі жайында жан-жақты сөз қозғалды. Бұрынырақта қазақта «Тәшкен көрген» деген тіркес азаматтардың қалалық мәдениеттен хабардар екенін білдірсе, Тәшкен қаласы өзбекке кетуіне байланысты қазіргі қазақ қоғамында ол мәдениет көршілес Шымкентке ауысты деп саналады.…