ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

«Қазсушар» филиалы қызметінде жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау туралы

2019 жылғы 28 қараша күні Өңірлік телекоммуникациялар қызметі алаңында «Қазсушар» ШЖҚ РМК филиалы қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындысы туралы» тақырыбында брифинг ұйымдастырылды.

Брифингте Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Хайруллин Б.М. мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы филиалының директорының орынбасары Гумаров Т.Б. сөз сөйледі.

Хайруллин Б.М. өз сөзінде Қазсушар» ШЖҚ РМК филиалы қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оның ішінде мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің шектеулі саны немесе белігілі бір тұлғалар қатыса алатындай мүмкіндік жасаумен байланысты тәуекелдерге тоқталды.

Спикер дәл осындай қызметтерді сатып алу бұрын конкурс арқылы өткізілгенімен, кейбіріне тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілі қолданылғанын атап өтті.

Бұл әдіс бір қызметке бөлінген қаражатты бірнеше бөлікке бөлу арқылы жүзеге асырылады.

Филиал қызметкеріне тиесілі компаниямен бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу фактісіне жол берілген.

Кәріз жүйесі мен құрылғыларға техникалық қызмет көрсету үшін тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу туралы жыл сайын шарт жасалып отырған «Мендыгазиев» жеке кәсіпкері Камен өндірістік учаскесінде дәнекерлеуші болып жұмыс жасайды.

Филиал қызметінің ерекшелігі – техника мен құралдары үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету қажет. Осыған сілтеме жасап, Филиал тікелей сатып алу әдісін көп қолданады.

85% астам сатып алу ашық конкурссыз өткізіледі.

2018 жылы барлық сатып алудың 71%-ы бағалық ұсынымдарды сұрату жолымен іске асырылса, биылғы жылы бұл көрсеткіш тек 42%.

Оның орнына биылғы жылы тікелей шарт жасасып бір көзден сатып алу саны күрт көтерілгені байқалады.

Былтырғы жылмен салыстырғанда мұндай сатып алу саны 3 есеге артып отыр.

Хайруллин Б.М. талдау нәтижесінде Филиал қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша берілген ұсыныстарды да атап өтті.

Гумаров Т.Б. техника мен құрылғылардың тоқтаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолданудың тиімсіздігін атап өтті.

Сонымен қатар анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды.