Тырналар көші
Қайтадан көктемнің салқын самалы есіп, қыр-жотадағы қарлар шетінен тауға қарай көше бастады. Осы бір сәтте менің ойым қасымда тұрған Қанышта тұғын. Байғұс бала өткен жылы ақпанның аязында ата-анасынан айырылып, жетім қалған. Сол суық хабарды кіп-кішкентай 6 жасар, ойында ойыннан басқа мұңы жоқ балаға естірту маған бүйырып, амал не “Мама-папа қашан келеді?”, - дегенде, сасқанымнан аспанда тырулап келе жатқан көшті байқап қалып, “Анау құстарды көріп тұрсың ба? Сенің әке-шешең солармен аспанға сапар шегіп кетті” деп жауап қайырғанмын. Міне, сол кезден бастап Қаныштың көктем келе көкжиекке телміре қарап, сол көшті күтуді әдетке айландырған. Сондықтан болар көктемнің салқыны келсе құлағыма Тыру-тыру деген көк аспанды қақ жара ұшатын тырналар көшінің үні естіледі.
