ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы ҚР Президенті жанындағы МБА филиалында

2019 жылдың 27-28 қараша күндері Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С. Ақмырзаев ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы филиалында мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды.

Лектор өз дәрісінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

Сонымен қатар, Департаментпен мемлекеттік мекемелердің қызметіне тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілетіні айтылды. Соның ішінде, мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, кәсіпкерлердің қызметіне шенеуіктердің заңсыз араласу фактілеріне жол бермеу және «көлеңкелі» экономикаға жол берілмейтіндігіне басты назар аударылды.

Тыңдаушыларға Агенттіктің негізгі қызметі туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік роликтер көрсетілді.