Мазмұнға өту

Жаңа

Тәуелсіздік -елімнің басты байлығы

Тәуелсіздік - тұман ішінен аршып алған тәңір сыйы. Адамзат аңсаған құзар шыңның басындағы тәтті жеміс. Осы жолда азаттыққа қол созған талай тағдырдың табаны тайғақ келді. Талайлар мұз құрсауға түсіп мертікті. Қан майданда от кешті, көкірегін от тесті. Заман ағымы саусақ шайнатып, жүйке қайнатқан сәттер де болды. Бірақ шың басындағы әлгі жеміске деген аңсарлық сезім бір сәт дамылдаған жоқ. Себебі, біреудің боданында жүріп бүйірің шықпасы анық еді. Патша сарайында қалтырап күнелткеннен, жыртық үйдің ауасымен тыныстаған әлдеқайда жақсы. Тәтті жеміс дегеніміз сол - тәуелсіздік тынысы болатын. Бұл жеміске жетер жолда қалмақтар қақпан құрды, жоңғарлар шаптан тістеді. Әйтеуір қойдан момын қазақтың аңғалдығы арманына жүк болды. Анталаған жау қабырғамызды қайыстырып, рух діңгегін майыстыруға талпы…

0
0
436

Алғысқа бөленген дәрігер

Жер бетінде дәрігерлік мамандықтан абыройлы, құрметті мамандық жоқ-ау, сірә. Дәрігер болу үшін адамға ем дарытып қана қоймай, оның жанын түсінетін, жылы сөзіңмен дем беретін маман иесі де болуың керек.Сол салаға күллі ғұмырыңды арнап, адал жүрекпен, шын көңілмен еңбек жасауың қажет. Сонда ғана халықтың сыйлысы, құрметтісі боласың. Мен білетін Жеңісбек Ешмұратұлы сондай азамат.Өмірінің тең жартысын ақ халатта өткізген оның дәрігерлік қызметте жүргеніне, міне, 51 жыл толып отыр. Кейіпкеріміздің бұл салаға келуіне анасы себепкер болған екен. Өйткені, ауылда тұрған шағында анасы Фаузия ауыр дертке ұшырап, емдейтін дәрігер табылмағаны ағамыздың жанына қатты батса керек. Сол сәттен бастап ол дәрігер болуды алдына мақсат етіп қояды. Жеңісбек Ескабуловтың өмір, еңбек жолдарын зерделейтін болсақ,…

0
0
306

Қазақ жастар баспасөзінің тарихы

Біз қазіргі таңда бабаларымыз қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, аңсап кеткен тәуелсіз, байтақ елдің ұрпақтарымыз. Халқымыздың тарихына үңіле қарасақ сан жыл бойы талай қасірет шегіп, мехнат тартып қиналғандарын көре де, байқай да аламыз. «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болшақты болжау қиын» - демекші біздің, яғни болшақ журналисттер атанумыз үшін өз тарихымызды жетік меңгергеніміз жөн. Әсіресе, өз мамандығымызға өте қажет тарихи басылымдарды біліп, ақпараттық қорымызды дамытуымыз қажет.М. Дулатовтың «Әр жұрттың, әр мемлекеттің мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатасыз бір өлшеушісі – баспасөз болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі екендігі көрінеді», - деген сөзі бар. Осы орайда, өзіміздің тарихи басылымдарға, оның ішінде ж…

0
0
811

Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңінің тәрбиелік мәні. Елдің тірегі негізгі күш-жастар. Олай болса,өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек еді. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан күштілікті, ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана «Мен жастарға сенемін» деп асқақтай сөйлейді.Бірақ біз жастар осы ақын ойын ақтап жүрміз ба?- деген сұрақ көкейде тұрады. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, барлығы тәрбиеден бастау алады. Тәрбиені біз басты ата-анадан,ортамыздан және осы өлең жолдарынан ала аламыз.Көздерінде от ойнар,Сөздерінде жалын бар,Жаннан қымбат оларға ар,Мен жастарға сенмін!-деп жастарды намыстылыққа, қыздарымызды атақ-абы…

0
0
2693

Студент жастардың психологиясы

Студенттер-жоғарғы оқу орындарында ұйымдасқан, біріктірілген өзіндік ерекшелігі бар жастар қауымдастығы, ерекше әлеуметтік топ. Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан студенттер халықтың өзге топтарымен салыстырғанда білім деңгейінің, мәдениет мұраларын пайдаланудағы белсенділігімен және танымдық деңгейінің жоғарлылығымен ерекшеленеді. Жеке істестік барысында студент белсенді, өздігінен өз ісін ұйымдастыра алатын, педагогикалық қарым-қатынас субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және белгілі бір кәсіби бағытталған міндеттерді шешуі, қарым-қатынастық белсенділік ерекшеліктері тән. Студенттер үшін негізгі оқу формасы таңбалы контекстік болып табылады.Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан студенттер халықтың өзге топтарымен салыстырғанда білім деңгейінің, мәдениет мұраларын пайдаланудағы бе…

0
0
646

Ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігі

Қазіргі таңда біздің еліміз әлемдік анти­ядролық қозғалыстардың көшбас­шысына айналып отыр. Адамзатты тол­ғандырып отырған ядролық қару қаупін сейілтуге күш-жігерін барынша жұмсап келе жатқан еліміздің аталған саладағы көшбасшылық рөлінің халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалуын Мемлекетіміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сауатты бас­тамаларының оң нәтижесі деп айтуға толық негіз бар.Осыдан 29 жыл бұрын Президентін жарлығымен бүкіл әлемге белгілі Семей ядролық сынақ полигоны жабылып, үздіксіз жарты ғасыр бойы ядролық жарылыс жасалған тажал ошағының үні өшкен болатын.Бұл адамзат өміріндегі аса маңызды тарихи оқиға ретінде қабылданған еді. Сол күнен бастап Қазақстан тарапы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіне 29 тамызды ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні деп жария…

0
0
933

ТЫҢ ИГЕРУ:Алғанымыз бен жоғалтқанымыз Ғалым Мэхлис Сүлейменовке хат

Әрбір нәрсенің қарама-қарсы беттері болады екен. Қаншама жыл бойы тың өзінің сәнді-салтанатты күнгей жағымен ғана көрініп келген еді. Оны басқаша бұра алдық онда, деді. Енді екінші жағына көз салып қараса, оның несі бар?-деген сұрақ туындады.Әлгі Хрущев болған кезде, шынында, ол өзі бастаған батыл істің, қауырт жұмыстың, істің басы-қасында боламын деп Қазақстаннан шықпайтын еді. Ол, обалы не керек, салтанатқа-тойға емес, іспен, жұмыспен келетін, дейді. Алтынның бейнетін басқа көрген екен, кейін Леонид Ильич зейнетіне, нәтижесіне тап болып, сынды тойға айналдыратын, деп айтады. Қазақстанда бірінші хатшы болып айналдырған алты-ақ ай істеген Брежневті Қазақстанның көсемі, тыңның тәңірісі етіп алдық деседі. Соның бәрі тыңды жан-жақты көрсеткізді ме?- деп сұрайды. Тыңға тіл тигізу саяси қылмыс…

0
0
658

Бақытқа жету жайында

Философиялық тұрғыдан қарастырғанда ғұлама ғалым Әбу-Насыр әл-Фараби өз еңбектерінде бақытқа ерекше мән беріп, тоқталған. «Бақытқа жол сілтеу» трактатында : « Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол белгісіз бір жетілу болып табылады. Мұны түсіндіріп жату артық сөзді керек етпейді, өйткені бұл белгілі нәрсе. Жетілушіліктің кез келгені адам талпынатын мақсат, өйткені жетілу дегеннің өзі, күмән жоқ, адамның қалауы. Адам ретінде мақсаттардың саны көп болғандықтан, бақыт солардың ішіндегі ең пайдалысы болып табылады», - деп бақыт ұғымына анықтама берген. Игіліктердің ішінде бақыт ең үлкен игілік екендігі және қалаулы заттардың ішінде адам талпынатын ең жетілген мақсат екендігі айқын. Бақытқа жетіп алғаннан кейін біз басқа бір мақсатқа талпынуға тіпті де зәру емес екенімізді көреміз, с…

0
0
441

Журналистік шеберлік деген не?

Жаңалық жаршысы – журналистика өзгеден оқ бойы озық тұруды, болашақты болжап, қоғамдық пікірді дұрыс қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі кәсіби журналист дегеніміз – қажетті, маңызды ақпаратты дәл уақытында ала білген, көкейкесті проблемаларды дер кезінде жедел көтеріп, шешілу жолдарын көрсететін, экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге қатысты татымды ой, пікір айта алатын журналист. Мұның бәрі тек журналистік шеберліктің қыр – сырын меңгергенде ғана жүзеге асырылатын шаралар болып табылады.Журналистік шеберліктен біраз пайдалы мағлұматты жақында оқып шықтым. Шетел басылымдарына арнап жазатын журналистердің(меншікті тілшілердің)көбісі онлайн басылымдар үшін материал жазады, яғни бұл тәсілдер интернет журналистер мен блогерлерге де пайдалы болады.Әр материалда жаңалық болуы шарт-жаңа…

0
0
2271

Интернеттің ерекшеліктері , оны пайдаланудың маңызы

Ең алғаш 1960 жылы АҚШ-тың Массачусетс технология институтының мамандары ойлап тапқан ғаламтор жүйесі бүгінде әлемді жаулап алған десем артық айтқаным емес.Себебі қазіргі таңда жас жеткіншектерден бастап жасы келген ата-әжелерімізге дейін осы бір ғаламтор жүйесін қолданады.Тіпті өмірге жаңа аяқ басып жатқан сәбилердің өзі ғаламтордың не екенін біліп дүниеге келетіндей.Қолдарына ұялы телефонды берсен болды,тыныш өзі ақтарып көріп отыра беретіңдері бар.Алайда осындай керемет туындының қаншалықты адам баласына тигізер пайдасы мол? Ғаламторды ойлап тапқаннан кейін төрт жыл өткен соң оны шамамен 50 миллионнан астам адам қолдана бастаған.Ал қазіргі уақытта бүкіләлемдік ғаламтор желісін, 3,5 миллиардтай адам пайдаланады.Әлемдегі ең жылдам интернет – Сингапур елінде 56Мбит/с құрайды екен. Ғаламто…

0
0
1384