Интернеттің ерекшеліктері , оны пайдаланудың маңызы
Ең алғаш 1960 жылы АҚШ-тың Массачусетс технология институтының мамандары ойлап тапқан ғаламтор жүйесі бүгінде әлемді жаулап алған десем артық айтқаным емес.Себебі қазіргі таңда жас жеткіншектерден бастап жасы келген ата-әжелерімізге дейін осы бір ғаламтор жүйесін қолданады.Тіпті өмірге жаңа аяқ басып жатқан сәбилердің өзі ғаламтордың не екенін біліп дүниеге келетіндей.Қолдарына ұялы телефонды берсен болды,тыныш өзі ақтарып көріп отыра беретіңдері бар.Алайда осындай керемет туындының қаншалықты адам баласына тигізер пайдасы мол? Ғаламторды ойлап тапқаннан кейін төрт жыл өткен соң оны шамамен 50 миллионнан астам адам қолдана бастаған.Ал қазіргі уақытта бүкіләлемдік ғаламтор желісін, 3,5 миллиардтай адам пайдаланады.Әлемдегі ең жылдам интернет – Сингапур елінде 56Мбит/с құрайды екен. Ғаламторды қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат пен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады.
Іздеп таба алмай жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отырады.Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.Ғаламторда шектеу жоқ болғаны сонша алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсың, сөйлесесіз, хабарласасың. Көрісе алмаған адамыңмен ғаламтор арқылы байланыс орнатасың. Болашақ жарын да ғаламтордан тауып жатқандары да жетерлік.
Одан бөлек ғаламторды нағыз табыс көзіне айналдырып отырғандар да бар.
Тек пайдасы мен зияны қатар жүретіндей ғаламтордың да тигізер жаман жақтары қаншама. Қазіргі заманың басты мәселелерінің бірі де осы ғаламторға деген тәуелділік. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Бір-бірімізге жылы шырай танытпақ түгілі бетімізге де қарамайтың болғанбыз.Бар ойымыз,көзіміз сол кішкентай қорап ішіндегі желіде.Адам баласының бірінші байлығы болып саналатын денсаулығына да ғаламтордың тигізер зияны өте үлкен.Компьютер алдында ұзақ отырып,телефонға күндіз-түні қарағанан адамның денсаулығы нашарлай түседі. Өйткені бұл адамдарды қозғалыстан айырып, кейін бел, арқа,көз ауруларына әкеліп соқтырады.Бұдан бөлек ғаламторда алаяқтарда көп тарап кеткен.Байқап,сақтанбасан арам пиғылды адамның арбауына түсіп кетуін де ғажап емес.
Тек ғылым мен техниканың шынайы жетістігіне айналған ғаламторды да жоққа шығара салған дұрыс емес секілді.Керісінше пайдалы жақтарын ғана қолдана біліп,тәуелділік пен масыл болып қалмаудан сақтансақ бәрі өз орнымен болары анық.
